Аса күтім талғамайтын және ұзақ гүлдеп тұратын шырайгүл – саябақтың сәнін кіргізді.
Созақ ауданында 1500 түп гүл көшеттері егілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгін «Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығының алғашқы күнінде Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында 1 500 түп гүл көшеті егілді.
Белсенділер мен еріктілер ауылда орналасқан «Абай», «Тәуелсіздік» және «Данқ» саябақтарына 200 түп раушан мен 1300 түп шырайгүл көшетін отырғызған. Аса күтім талғамайтын және ұзақ гүлдеп тұратын шырайгүл – саябақтың сәнін кіргізді. Сонымен қатар, саябақ іштері қалыпқа келтіріліп, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сондай-ақ, саябақтарда бұған дейін отырғызылған 2000-нан астам жас тал көшеттері суарылып, шөптер оталды.