Ақ киімдер АППАҚ ТҮСІН сақтау үшін МЫНА ДӘРІНІ салып жуу керек

0
17 118

Терлететін қасиеті бар дәрі ақ киімдерді сарғыш тартқан түстен бастапқы кіршіксіз қалпына келтіреді.


Ақ киімдер АППАҚ ТҮСІН сақтау үшін МЫНА ДӘРІНІ салып жуу керек

Ақ түсті киімдер ешуақытта сәннен қалған емес әрі ешқандай маусым таңдамайды. Қыс, жаз – қай мезгілде болсын кие беруге болады. Тек олар уақыт өте сарғайып, сұр түстеніп, өңін жоғалта бастайды. Алайда, қазіргі дамыған заманда бұған да түрлі шешім бар, дүкендерде ақ киімдер үшін арнайы ағартқыш құралдары жетерлік.

Қазір балалар мектепте кезде ақ көйлектер мен шұлықтарды жиі тазартып тұруды талап етеді. Бірақ жиі-жиі ағартқышқа салынған киімнің өңі кіргенімен сапасы төмендейтіні бар және бұл аздап қалтаға салмақ. Сондай-ақ кейбір жандар үшін ағартқыш құралдары аллергия туғызуы мүмкін. ERNUR.KZ Сіздермен ақ киімдердің өңін келтіретін арзан, тиімді әрі қауіпсіз әдіс- тәсілдермен бөліседі.


Аспирин дәрісін қосып жуу

Көпшілік терлететін дәрі ретінде қолданатын «ацетилсалицил қышқылы – аспирин» дәрісі ақ киімдерді сарғыш тартқан түстен бастапқы кіршіксіз қалпына келтіреді. Ешқандай ағартқыштың қажеті жоқ. Аспиринмен жуудың екі тәсілі бар.

  • Егер ақ киімдер өте қатты кірлеген болса, онда оларды 5 литр жылы суға 5 дана аспирин салып, 6-7 сағатқа жібітіп қою қажет. Мүмкіндік болса түнге қалдырып жібіткен дұрыс. Уақыт өткен соң сығып, ұнтақты салып жуып-шайып алу керек.
  • Ақ түсті киімдерді кір жуатын машинаға салатын болсаңыз, онда 10 дана аспиринді ұсақтап, ұнтақпен бірге, салу керек. Ал егер қолмен жусаңыз, онда 10 дананы ұнтақпен бірге суда езіп жіберу қажет.


Қайнатып жуу
  • Бұл ежелден келе жатқан әдіс. Әсіресе балалардың ақ түсті киімдерін қайнатып жуған жақсы. Бұл бір жағынан арзан, бір жағынан жақсы залалсыздандыру жұмысы болады. Ол үшін:
  • Егер киім қатты кір болса онда, жылы суға ешқандай қоспасыз 3-4 сағатқа жібітіп, бір шайып алу керек.
  • Киімдерді эмальды ыдысқа қайнатқан дұрыс және ыдыстың ең астына ақ мата төсеп қою қажет.
  • Ыдысқа киімдерді салып, үстінен сабынды су (салқын су мен ұнтақталған кір сабын қоспасы) құю керек. Сабынды су жуылатын киім көлеміне қарай құйылады, яғни кір киім жақсы батып тұруы және суы қайнағанда таусылып қалмайтындай болуы қажет.
  • Ыдысты отқа қойып, бір сағат шамасында қайнатамыз.
  • Назарға алатын жайт: киімдерді қайнатып жуудың басты кемшілігі кейбір киімдердің көлемін (матасына байланысты) кішірейтіп қоюы мүмкін.

Ас содасымен жуу

  • Ас содасының пайдасы өте көп. Соның бірі киімдерді жақсы ағартады. Мақта мен синтетикалық киімдерді ағартуға қорықпай қолдануға болады. Ал жүн мен жібектен жасалған киімдерге мүлде пайдалануға болмайды. Сондай-ақ сода киімдерді артық түрлі жағымсыз иістерден арылтады және жақсы залалсыздандырады. Сондықтан балалар киіміне де пайдалана беруге болады. Ол үшін:
  • Бір литр суға бір ас қасық ас содасын және 1шай қасық мүсәтір қосып, араластырамыз. Араласқан суға киімдерді салып, 3 сағатқа жібітіп қою керек. Сығып алып, ұнтақ салынған сумен жуып-шайып алу қажет.

Ас тұзымен жуу

  • Бұл тәсіл синтетикалық талшықтардан жасалған киімдер үшін өте тиімді. Тек тұзды су сандықта жатып сарғайған киімдерді ағарта алмайды. Ал күнделікті кигеннен өңін берген киімдер үшін өте тиімді. Ол үшін:
  • Бір литр жылы суға екі ас қасық тұз салынады. Жарты сағат жібітіп, ары қарай өз тәсіліңізбен жуып аласыз.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!

Түрлі дереккөздерден құрастырған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ