​АСҚАЗАН АУЫРМАСЫН десеңіз ыдысты ҚЫШАМЕН жуыңыз

0
2 855

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, асқазан ауруының 50-60 пайызы ыдыс жуу құралдарының құрамындағы қоспалардың салдарынан орын алады екен.


​АСҚАЗАН АУЫРМАСЫН десеңіз ыдысты ҚЫШАМЕН жуыңыз

Қазір ыдыстарды арнайы құралдарсыз мүлде жуа алмайтын дәрежеге жеттік. Ал ғаламтордағы кейбір мәліметтерге сүйенсек асқазан ауруының 50-60 пайызы ыдыс жуу құралдарының құрамындағы қоспалардың салдарынан орын алады екен. Олар ыдыстарды шайған кезде таза кетпей, ыдыста қалып, ас арқылы асқазанға түсетін көрінеді.


Осындайда ертеректе апаларымыздың ыдысты ыстық сумен, ас содасымен немесе құммен жуып тазартатыны еске түседі. Асқазаны ауыратындар да некен-саяқ болатын сияқты еді. Ал қазір жас та, жасы келген де асқазан дертінен зардап шегіп жатыр. Әрине, мұның барлығы тек ыдыс жуатын сұйықтықтың әсерінен деп айту артық болар, мүмкін экология да өз әсерін тигізіп жатқан болар. Дегенмен сақтықта қорлық жоқ.


Ыдыс жууға арналған сұйықтықты құрғақ қышамен алмастыруға болатынын білесіз бе? Сондай-ақ қыша ұнтағын өзге де күнделікті үй -тұрмыста қалай пайдалануға болатыны туралы төменнен оқып біле аласыздар. Керек кеңес қажеттеріңізге жарайды деп сенеміз!


Ыдыс жуу сұйықтығын алмастыра алады

Құрғақ қышамен (сухой горчица) бір рет ыдыс жуып көрген соң, ыдыс жууға арналған сұйықтықтан мүлде бастартуыңыз мүмкін. Себебі бұл тәсілдің басты тиімділігі денсаулыққа ешқандай зияны жоқ, ыдыстар оңай тазаланып, жалтырап шыға келеді. Көпіріп кетпей тұрып алмайды, суға да үнемді.


Ол үшін шұңғыл ыдысқа ыстық су құйып қыша ұнтағын сеуіп, жуылатын ыдыстарды сол суға салып қоямыз. Су шамалы салқындаған соң ыдыстарды жуып, артынан таза суға бір рет шайып аламыз. Ыдыста ешқандай майлы дақ қалмайды, ал шыны ыдыстар мүлде жарқырап шыға келеді.

Сондай-ақ 75 гр қыша ұнтағын тура осы көлемдегі жылы сумен сұйық ботқа тәрізді қоспа болғанша араластырыңыз. 2-3 сағат өткен соң өзіңізге ыңғайлы ыдысқа құйып алып, кәдімгі ыдыс жууға арналған сұйықтық ретінде пайдалана беріңіз. Тазарту әсері күштірек болсын десеңіз, жоғарыдағы қоспаға 3 шай қасық ас содасын қосып жібеуге болады.

Ағартқыш үшін де пайдалануға болады

Қыша ұнтағы тұрып қалған майлы кірлерді өте жақсы алады: әсіресе асүй сулықтарын жақсылап тазартуға болады.

Ол үшін 2 ас қасық қыша ұнтағын 1л ыстық суға араластырамыз. Осы суға ыстық күйінде жуылатын сулықтарды салып, түнге қалдырамыз. Ал уақыт өткен соң тек таза сумен шайып аламыз.

применение сухой горчицы


Бөлме гүлдерін зиянкестерден арылтуға көмектеседі

Бөлме гүлдерін зиянкестер мен зеңнен қорғау үшін 1 шай қасық қыша ұнтағын 1л жылы сумен араластырып, 1сағатқа қалдыру керек. Уақыт өткен соң сол сумен гүлдерді суғарып шығу қажет. Егер зиянкестер өсімдік сабағына жабысып алған болса қыша араласқан сумен бүркіп шығу керек.

применение сухой горчицы


Тағы оқыңыз: Аяғыңыздан СУЫҚ ӨТСЕ, мынадай ҰЛТАРАҚ жасап алыңыз

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ