Аяғыңыздан СУЫҚ ӨТСЕ, мынадай ҰЛТАРАҚ жасап алыңыз

0
5 976

Аяқкиімді жылыту тәсілі отбасының барлық мүшелеріне қолдануға жарайды.


Аяғыңыздан СУЫҚ ӨТСЕ, мынадай ҰЛТАРАҚ жасап алыңыз

Қыстың аяқтан суық өтіп, бетті тоңдыратын аязды күндері басталып та кетті. Ал осындай күндері үсіп қалудан бізді қалың киім мен жылы аяқкиім сақтайтыны анық. Әсіресе аяқтан өткен суық тұмау мен әртүрлі салқыннан болатын ауруларды қоздыратыны белгілі. Сол үшін аяқкиім жайлы ғана емес, сонымен бірге салқын өткізбейтін болғаны да дұрыс. Бәтеңке мен етіктегі жылуды қалай ұстап, салқын өкізбеуге болады? Мұның оңай әрі қарапайым ғана жолы бар.


Ақшаны үнемдейміз

Қыстық аяқкиімді жылытудың бірнеше тәсілдері бар, ішіне қалың жүнді ұлтарақ салуға немесе жүннен тоқылған шұлық киюге, сырты таза былғары, іші қалың түкті сапалы аяқкиім алуға болады. Алайда бұл заттардың да бағасы арзан тұрмасы анық, әсіресе былғары етіктердің бағасын екінің бірінің қалтасы көтере бермесі анық. Сондықтан біз ең арзан бірақ тиімділігі қымбат аяқкиімнен асып түсетін тәсілді ұсынбақпыз.


Үлкенге де, балаларға да тиімді

Біздің аяқкиімді жылыту тәсіліміз отбасының барлық мүшелеріне жарайды. Аяқкиімді суық өтккізбейтіндей, аяқты тоңдырмайтындай ету үшін бар болғаны фольга қағазынан кесілген ұлтарақ болса болғаны. Иә, кәдімгі құрылыста үйдің ішін жылы ұстау үшін қолданылатын фольга қағазы.


Фольга қағазы аяқты үсіп қалудан сақтайды

Фольга қағазынан қолдан жасалған ұлтарақ аязды күндері аяқты үсіп қалудан сақтайды. Ал мұндай ұлтарақты қолдан жасап алу еш қиындық тудырмайды, өте оңай. Бар болғаны бәтеңкенің немесе етіктің ішіндегі өзінің ұлтарағын алып фольга қағазына қойып қаламмен айналдыра сызып аламыз. Содан кейін сызық бойынша қайшымен кесіп шығу керек. Кесіп алған ұлтараққа бірнеше жерінен (жуан инемен жасауға болады) тесіктер жасау керек. Бұл тесіктер аяқты терлеп кетуден сақтайды.


Ал дайын болған ұлтарақты аяқкиімнің ішіне ең астынан салып, үстінен өзінің ұлтарағын қоямыз. Жылы аяқкиім дайын. Далада қатты аяз болып тұрса да, жылы аяқкиімде өзіңді сенімді, жайлы сезінесің, саусақтар үсімейді,аяқ жылы және әдеттегіден ұзағырақ серуендеуге немесе жұмыс жасауға болады.

Керек кеңес қажеттеріңізге жарасын!

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ