Үй жөндегенде бұл кеңестердің пайдасы көп.
Жаз мезгілі демалыспен қатар үйдің жөндеу жұмыстарын да қарқынды жасайтын кез. Қазір барлығы заманауи болғандықтан кез-келген үйге түсқағаз жапсырылған. Желімі жақсы болып жабысып тұрғанымен, кейде балалар бетін шатпақтап тастайды немесе жай ғана түсін өзгертіп, үй ішін жаңарту керек болады. Мұндай кезде ең алдымен қиындық тудыратын жайт - ескі түсқағазды алу.
Біз өз кезегімізде үйдегі жөндеу жұмыстарын жеңілдету үшін, түс қағаздардың қай түрін болмасын оңай алудың жолдарын ұсынамыз.
- Алдымен бөлмедегі барша жиһазды шығаруға тырысыңыз;
- Егер бөлмеде шығара алмайтын жиһазадар болса, онда оларды бөлменің ортасына жылжытыңыз және үлдірмен (пленкамен) жабыңыз;
- Еденді де үлдірмен жақан дұрыс, ал ол сырғымауы үшін бетіне ескі газеттер немесе картон төсеуге болады;
- Міндетті түрде еденнің жиектемелерін де жабу қажет. Оны үлдірмен жауып, бетінен қағаз таспаны жабыстыру керек;
- Түсқағаздарды алғанда су пайдаланылатын болғандықтан барлық тоққа қосылып тұрған заттарды тоқ көзінен ажыратып, розеткалардың бетін таспамен жауып тастау керек;
- Шаң көрші бөлмелерге кірмеуі үшін ылғалды шүберекті табалдырыққа төсеп есікті жауып қою қажет.
Мына құралдар қажет:
- түрлі өлшемдегі екі өткір қалақша (шпатель);
- шелек, су, кез-келген жууға арналған сұйықтық;
- сорғыш (губка) және шүберек;
- қоқыс жинауға арналған қаптар;
- қолғап және саты;
- түсқағаздарды алуға арналған бу үтігі.
Қажетті құралдар жиынтығы таңдалған тәсілге байланысты қысқартылуы немесе көбеюі мүмкін.
№2. Түсқағаздарды сулау әдісімен алу. Түсқағаздарды сулап алғанда, шаңғымайды. Тек тоқ көздеріне қатысты қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз болғаны. Түсқағазды алу үшін алдымен жылы су керек. Суға ыдыс жууға арналған сұйықтық немесе кір сабын қосып көпіршітіп, сорғышпен, бүріккішпен қажет аймаққа жақсылап шылқылдатып сеуіп, 5-7минут шамасында жібу үшін қалдырамыз. Содан кейін жаймен ала бастаймыз.
Егер түсқағаз ПВА желімімен жапсырылған болса, онда 4 литр суға 1 кірсабынды үккіштен өткізіп қосып қайнату керек. 5 минут шамасында қайнаған соң, шамалы суытып, 225 мл сірке суын қосамыз. Мұндай қоспа тіпті қатты жабысып қалған түсқағаздың да оңай алынуына көмектеседі. Тек бұлай жасау үшін қолыңызға қолғап киіп, бүріккішпен шашу ұсынылады. Бұл аталған екі нұсқа да түсқағаздың қағаз түрлеріне арналған.
№3. Винилді түсқағазды алу. Винилді түсқағаздардан судың өтуі қиын болғандықтан, астындағы желімді жібітіп алу біраз уақыт пен күшті талап етеді. Ол үшін алдымен түсқағаздың бетін арнайы қырғыш құралмен немесе пышақ, қалақпен алу қажет. Содан кейін су бүркіп жібітіп, 15-20 минут күтіп, тек содан кейін ала беруге болады. Шеберлер түсқағазды шешу үшін судың өзін ғана емес, оған түсқағаз желімін қосуды ұсынады.Түсқағаз желімін жапсыруға қосқан кездегіден екі есе аз мөлшерде қосу керек. Жай су түсқағаз бетінен тез ағып кетсе, желімді су қою болғандықтан ағып кетпей тез жібуіне әкеледі.
№6. Сұйық (жидкий) түсқағазды алу. Құрамы мен жағу тәсілі бойынша сұйық тұсқағаз сәндік сылаққа ұқсайды. Олар целлюлоза талшықтарынан, жібектен, мақтадан, желімдейтін заттардан, бояғыштардан және фунгицидтер түрінен тұрады. Мұндай тұсқағаздардың беті берік және ұзаққа шыдайды. Ал егер оның түсін өзгерткіңіз келсе, өзіңіз қалаған түске акрил немесе эмульция бояулары арқылы өзгертуге болады.
Егер сұйық түсқағаздан біржола құтылғыңыз келсе, оларды алып тастау өте оңай. Жабынды жылы сумен жібіту жеткілікті. Ісіне бастаған кезде қалақшамен көтеріп алып тасталады. Сондай-ақ алынып тасталған сұйық түсқағаздар екінші рет қайта пайдалануға жарайды.
№7. Гипсқатырмадан (гипсокартон) түсқағазды қалай алу керек. Гипсқатырма қабырғалардың біртегістігі үшін қазіргі кезде кеңінен пайдаланылады. Мұндай қабырғаға жабысқан түсқағаздар өте әдемі шыққанымен оларды қайта алу өте мұқияттылықты талап етеді. Себебі гипсқатырманы сумен жібітуге болмайды. Сондықтан мұндағы ерекше нұсқа түсқағаздың бетіне ең арзан түсқағаз желімін жағу керек. Мұндай желімдер өте баяу кебетін болғандықтан, енді сіңе бастағанда жаймен алып тастаймыз. Егер мұндай амал көмектеспесе, онда бумен алуға тура келеді. Сондықтан гипсқатырма қабырғалар үшін қағаз түсқағаздан гөрі, флизелинді түсқағаз жапсырған дұрыс.
Дайындаған: Эльмира Базарбаева
Тағы оқыңыз: Кондиционерді өзіңіз де тазалай аласыз