Кіржуғыш машина БҰЗЫЛЫП қалмасын десеңіз

0
6 144

Кіржуғыш машинаға 1 ғана затты салып жууға болмайды.


Кіржуғыш машина БҰЗЫЛЫП қалмасын десеңіз

Техника қарыштап дамыған сайын адамдардың қол еңбегі азайып, жұмыстары жеңілдей түсті. Алайда бас қатыратын нәрселер сонда да жетіп жатыр. Соның бірі күнделікті үй тұрмысында пайдаланып жүрген қыз-келіншектердің сүйікті техникасы - кір жуатын машина.

Алайда техника болған соң кез-келгенінің бүлінетіні анық. Бірақ жақсы күтім, уақтылы тазартып тұру, дұрыс пайдалана білу кір машинасының ұзақ та сапалы қызмет жасауына көмектеседі. Ендеше, кір жуатын машина тез бұзылып, қайта шығындалмас үшін төмендегі кеңестерді пайдаланып көруді ұсынамыз.


Кір киімді дұрыс салу керек

Ең алдымен машинаға кір салғанда оның аз немесе шектен тыс көп болмауын қадағалау қажет. Кіржуғыш машинаның есігін жапқанда ішіне салынған кірлер есіктегі әйнектің жартысынан болып тұруы тиіс. Толтырып салуға мүлде болмайды. Сондай-ақ жуылатын киімдердің қалтасында үшкір, қатты т.б. артық заттардың болмауын қадағалау керек.

Ұнтақты шектен тыс салудың керегі жоқ

Машинаның ұяшығына ұнтақты мөлшерден асырмай салу керек. Артық салынған ұнтақ резеңке түтікшенің бітеліп, сыртқа су ағып кетуіне жол береді.

Қақтан тазартатын химиялық қоспаны ас содасы мен лимон қышқылына алмастырамыз

Судың құрамында тұз бен минералдар болатыны заңдылық. Су ысыған кезде құрамындағы тұздың әсерінен ысытқыш құбырда қақ тұрады. Егер кіржуғыш машинаны қақтан тазартып отырмаса электр энергиясын шектен тыс мөлшерде жұмсауға әкеліп соқтырады. Екіншіден, суды ысытатын құбыр істен шығуы мүмкін. Қаққа оранып тұрғандықтан суды өте баяу жылытып, ақыры соңында күйіп кетуі мүмкін.

Қазір қақты ерітетін түрлі химиялық қоспалар бар. Дегенмен олар аз ақша тұрмайды. Ал төмендегі тәсілдер олардан ешқандай кемшілігі жоқ.


Лимон қышқылы
3-4 киллограмдық кір жуатын машинаға 60 грамм лимон қышқылын пайдаланамыз. 20 гр қағаз қаптамадағы лимон қышқылын кез-келген дүкеннен табуға болады. Сіз үш лимон қышқылын алсаңыз жеткілікті.

* Лимон қышқылын мәшиненің ұнтақ салатын бөлігіне саламыз. Мақтадан өндірілген киімдерді жуатын режимді таңдап, 60°қоямыз. Бұл әдіс – баттасқан қақтың беткі жұқа бөлігін тазалауға арналған. Егер машинаңызды ұзақ уақыт тазаламаған болсаңыз, лимон қышқылының көлемін арттырып, кір жуудың ең жоғарғы режиміне қоюыңызға болады.

* Міндетті түрде сығу режимін өшіріп қою керек. Негізі мәшинені 2-3 айда бір тазартып тұрған жөн. Ал егер құбырдан келетін судың құрамы қаттылау болса, тазалықты жиірек жасағаныңыз дұрыс. Бұл – ең қарапайым және арзан әдіс.

Сірке суы және ас содасын пайдалану

* 2 кесе (шай ішетін) 9%-дық сіркесуын машинаның барабанына құямыз. (9%-дық сірке алу үшін 70%-ды сірке қышқылы мен суды 7:1 қатынаста араластыру керек)

* Ал ас содасы мен суды ыдыста араластырып (1стақан суға 1ас қасық ас содасы) кір жуғыш машинаның лотогына құю керек.

* Машинаны ең жоғарғы температураға және ең көп уақытқа қосыңыз.


Кір жуатын машинаның сүзгісін тазалау

Сүзгіні тазаламай жүре берсеңіз, машина ерте бұзылып, су ағызуын тоқтатады. Ол үшін төменде орналасқан фильтр қақпағын ашу керек. Қақпақты бұрап ашар алдында еденге су сүртетін сулық қойып алу керек. Ағызғыштан су шығуы мүмкін болғандықтан, қасыңызға ыдыс дайындап қойған да артықтық етпейді. Қақпақты сағат тіліне қарсы бұрап, тесіктен барлық ласты (шаш, жүн, тиын және т.б) алып шығамыз.

  • Кір жуғыш ұнтақты, ағартқыш және шаятын құралды нұсқамасында жазылғандай мөлшерде ғана қолданыңыз. Себебі артық заттар кір жуу нәтижесін жақсартпайды. Олар керісінше машина ішінде жинала береді.
  • Кірленген киімдерді машина ішінде сақтауға болмайды. Сондай-ақ жуылған шкиімдерді машина тоқтаған соң бірден ілу керек.
  • Кір жуып болған соң міндетті түрде есігін ашық қалдырып ішін кептіріп алу керек.

Керек кеңес қажеттеріңізге жарасын!


Тағы оқыңыз:


АСҚАЗАН АУЫРМАСЫН десеңіз ыдысты ҚЫШАМЕН жуыңыз


Аяғыңыздан СУЫҚ ӨТСЕ, мынадай ҰЛТАРАҚ жасап алыңыз


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ