​Шаңсорғыштың да шаңын тазартып тұру қажет

0
4 144

Шаңсорңыштың маторын үрлеп тазартуға болады.


​Шаңсорғыштың да шаңын тазартып тұру қажет

Үйдегі шаң-тозаңмен күресетін басты құралдың бірі – шаңсорғыш. Дұрыс тазартпай, ауаны дұрыс сормай қалу, сынып бұзылып қалу – мұның барлығы дұрыс күтім болмағандықтан және уақтылы тазартылмағандықтан. Аз қаражат тұрмайтын мұндай құрылғыны жиі ауыстыру қалтаға салмақ салатыны анық. Сондықтан арнайы мамандарға жеткізбей шаңсорғышты үй жағдайында өзіңіз-ақ жиі тазартып тұруыңызға болады.


Шаң басу себептері

Шаңсорғышта ең бірінші кезекте ластанатын ол – шөткесі, одан кейін сорғыш шланга. Бұл бөліктерде шаң мен қоқыстың жиналып қалуының басты себебі – қатты қоқыстанған жерді тазарту. Мысалы, тамақ, шаш қалдықтары, тәттінің қағаздары.

Сондықтан шаңсорғыш сапалы жұмыс жасап тұрсын, бұзылып қалмасын десеңіз, онда оны қолданар алдында ірі қоқыстарды сыпырғымен тазартып алғаныңыз жөн.


Шаңсорғыш құрылғысының ластануының басты себептері:

  • Күтімнің жеткіліксіздігінен. Яғни уақтылы, дұрыс тазартып тұрудың болмауы.
  • Сүзгінің құрылғыға дұрыс салынбауы.
  • Зақымдалған құрылғыны пайдалану. Бұзылып тұрған шаңсорғыш мотрға қарай қоқыс жіберіп, мүлдем істен шығуы мүмкін.


Қаншалықты жиі тазартып тұру қажет?

Құрылғыны тазарту уақыты бірнеше факторға байланысты болады:

  • Үй ішінің көлеміне, онда тұратын адам санына және үй жануарларының болу болмауына байланысты.
  • Сондай-ақ құрылғының жарамдылық мерзіміне де байланысты.

Үлкен аймақтарды тазартқанда,шаңсорғыш ішіндегі қапшықты немесе ыдысты әр пайдаланудан кейін жақсылап қағып, сілкіп тұру қажет.

Ал үй үлкен көлемді болмаса, онда қапшықты әр үшінші қолданудан кейін барып тазартуға болады.

Жанбасы көп отбасылар мен үй жануарларын асырайтындар шаңсорғышты жиі пайдаланатыны белгілі. Сондықтан ондай жағдайда құрылғыны әр жарты жыл сайын толық тазартудан өткізген жөн.

Тазалықты қажет еткен шаңсорғыш, жұмыс жасап жатқанда бірден өшіп қалуы мүмкін. Құрылғының бұлай бірден өшіп қалуына бөлшектердіңқызып кетуі себеп. Бөлшектердің қызып кетуі, иілгіш шланганың шаң тартатын жері қоқысқа толып қалғандықтан .


Шаңсорғышты тазарту үшін не істеу керек?

Ең алдымен сорғыш шланга мен щетканы тазартып аламыз. Ол үшін:

  • Ваннаны немесе үлкен ыдысты жылы суға толтырып қойылады
  • Шланганы шаңсорғыштан ажыратып, 10 минутқа сол суға салу қажет.
  • Уақыт өткен соң ұзын сыммен шланганың ішін тазартқан жөн, ал сыртын тазалауға қатты сорғыш жарайды.
  • Шланганы жуып тазалап болған соң, таза жерде құрғатып алу керек.

Шөткедегі шаң мен шаш, қыл-қыбырды қысқыштың немесе ескі тіс шөткесінің көмегімен тазартып алу керек. Содан кейін ыдысқа жылы су құйып, сабын немсесе жууға арналған сұйықтық құю қажет. Осы қоспаға шөткені 15 минутқа салып, артынан жуып, таза суға шайып, кептіріп алынады.


Маторды үрлеп тазартамыз

Шаңсорңыштың маторын тазарту үшін, алдымен ондағы барлық сүзгілерді шешіп алу керек. Содан кейін оны сыртқа ашық жерге алып шығып, тоқ көзіне қосып, бар күшіне қоямыз.

15-20 минуттан соң тоқ көзінен ажыратып, салқындаған соң дымқыл шүберекпен тазартып алған жөн.

Егер маторды тазарту жұмыстары тиімдірек болсын десеңіз, онда тазарту кезінде шаңсорғышты кішкене төмен қаратып, жан -жаққа қарай бұрып тұрыңыз және шланга жалғанатын жерді жартылай жауып тұрған дұрыс.


Жағымсыз иістен құтылу

Кейінгі шыққан шаңсорғыштарда ылғалды тазарту функциясы бар. Ал мұндай құрылғылар кейде тұрып қалған су немесе тамақ қалдықтарының салдарынан, тазарту кезінде жағымсыз иіс шығарады.

Ал мұндай келеңңсіздіктен құтылу үшін шаң жинайтын бөлшек пен маторды қрғауға арналған сүзгіні сабынды сумен жуып алу керек. Кейін шаң жинайтын бөлшек ішіне хош иісті түйіршіктерді (шарики-ароматизаторы) салып қойған дұрыс.

Егер хош иісті түйіршіктер алғыңыз келмесе, онда оны үйде жасап алуға болады. Ол үшін ең алдымен шарап сіркесуын (винный уксус) жылы сумен 1:1 мөлшерде араластырып, шаңсорғыштың алынатын бүкіл бөлшектерін алып, сол қоспамен сүрту керек және ішін де сүртуді ұмытпаңыз. Құрылғы бөлшектерімен бірге толық кепкен соң кез-елген эфир майының 5-6 тамшысын мақталы домалақтарға (ватный диск) тамызып, шаң жинайтын бөлшек ішіне салу қажет.

Тазалық құралына да тазалық керек екенін ескеріңіз. Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Оқи отырыңыз:


Үйде ӨРМЕКШІ көп пе? 4 әдіспен ОҢАЙ құтылуға болады


Қыста бөлмедегі гүл "өліп" қалмасын десеңіз

Дайындаған: Базарбаева Э,

ERNUR.KZ.