"ШАШПА ПАЛАУ" пісіру үшін оған ЛИМОН қосу керек ("лимонды лайфхак")

0
6 727

Лимонды үйде пайдаға асырудың Сіз білмейтін тәсілдері


Лимон - тек денсаулыққа ғана емес, үй-тұрмыста да пайдасы өте көп жеміс. Газ плитаны, микротолқынды пешті тазалауға, әйнектерді жууға, қақты, дақты кетіруге т.б көптеген тұрмыста қажетті жағдайларда пайдаланылады. Лимонның құрамындағы цитрус қышқылы мен эфир майының күші тұрмыстық жұмыстарды жеңілдетеді және қалтадағы қаражатты үнемдейді.


"Лимонды" лайфхак

  • Тамақ жасау кезінде газ плитаның және айналасындағы кафельдің беті май шашырауынан бүлініп, кірлеп, кетіру қиындық тудырып жатады. Әрине, қазір дүкендерде бұл үшін түрлі химиялық сұйықтықтар бар. Тек олар балалар үшін өте қауіпті екенін есте ұстаған жөн. Одан басқа ол сұйықтықтардың аз ақша тұрмайтынын да есепке алып қойыңыз. Ал лимон аз қаражат қажет етеді және денсаулыққа қауіпсіз. Сонымен лимоның жартысын ұсақ тұзға малып, ысқылау арқылы газ плитасы мен кафель бетіндегі майлы дақтардан оңай құтылуға болады. Сондай-ақ, осы тәсілмен гриль пісіретін торды тазалауға болады.
  • Лимон микротолқынды пешті тазалауға және оның иісін жоюға да жақсы көмектеседі. Жартылай су құйылған стаканға лимон шырынының бірнеше ас қасығын немесе лимонның бірнеше бөлігін қосыңыз. Қайнағанға дейін қыздырып, өшіру керек. Тек есігін 10 минут бойы жабық ұстау қажет. Содан кейін пештің ішкі бетін таза шүберекпен сүртіп және кептіріп алу керек.
  • Майдың таза кетуі үшін ыдыс жууға арналған құралға лимон шырынының бір тамшысын қосса жеткілікті.
  • Ал егер лимон шырынына сода қосылса, мұндай қоспаны кәріз шығару тетіктеріне тұрып қалған аздаған қоқыстарды жоюға пайдалануға болады.
  • Лимон киімдегі майлы дақтарды да оңай жеңеді. Ол үшін лимон шырынына дақ тиген жерге құйып, түнге қалдыру керек, содан кейін қалыптағы әдетте жуып алуға болады.
  • Шәйнекті қақтан тазарту үшін үш лимонды қабығымен кесіп салып, су құйып, 10-15 минут қайнату керек. Қайнатып болып ішіндегі суымен қалдырып, 4-5 сағаттан кейін ішін жуып-шайып қайта шай қайната беруге болады.
  • Қоқыс шелегіндегі иісті жою. Ол үшін, пайдаланылған лимон қабықтарымен қоқыс шелегінің қақпағының іші сыртын сүрту керек. Мұндай әдіс шелектегі жағымсыз иісті жойып, қоқыстан келетін түрлі бактериялардың өршуінің алдын алады.
  • Металл ыдыстардың жарқырап тұруын қаласаңыз, лимонды пайдаланыңыз. Бұл үшін оларды лимон қабығымен сүртіп, содан кейін салқын сумен шаю керек.
  • Айна мен әйнектерді тазарту үшін 4-5 ас қасық лимон шырыны мен суды бүріккішке құйып тазалау керек. Мұның тағы бір тиімді тұсы айналарды тазалаумен қатар үй ішіне де жағымды иіс береді.
  • Лимон көмегімен күрішті бір-біріне жабыспай, шашырап тұратын етіп пісіруге болады. Әсіресе, "шашпа палау" дауйындауда жақсы көмектеседі. Көптеген қыз-келіншектер күріш дайындағанда жабысып қалатынына наразы болады. Ол үшін палау немесе күріштен салат жасап жатқанда 1ас қасық лимон шырынын қосып жіберу керек.
  • Бүгінгі күнде шашты сарғыш түске бояу сәнге айналды. Егер сіз шаштаразға барғыңыз келмесе, бірақ шашыңыздың сарғыш тартқанын қаласаңыз, онда осы әсерге қол жеткізудің үй жағдайындағы әдісін ұсынамыз. Ол үшін шашқа бүркуге арналған ыдысты жартысына дейін жаңа сығылып, сүзілген лимон шырынын құйып, шаштың сарғайту керек тұсына бүрку қажет. Жарты сағаттан соң, шашты шайып тастау керек. Күн ыстық болмаса, біраз сыртта күн көзінде жүру ұсынылады. Қалағаныңыздай ашық түске қол жеткізу үшін жазылған әдісті бірнеше рет қайталау қажет.
  • Аяқ киім тазалауға шай қасық лимон шырынын 3 ас қасық зәйтүн майымен араластырып, құрғақ шүберекпен жағу керек. Біраз тұрған соң келесі шүберекпен жылтыратып сүрту қажет.

Дайындаған: Базарбаева Эльмира

ERNUR.KZ.

Тағы оқыңыз:

Жазда күн сәулесі пердені КҮЙДІРІП ЖІБЕРМЕУ үшін ЕҢ ОҢАЙ әдіс