Сүзгі жоқ болса ауызсуды шараппен тазартып ішуге болады

0
5 618

Суды тазартудың көптеген қарапайым тәсілдері бар.


Сүзгі жоқ болса ауызсуды шараппен тазартып ішуге болады

Таза судың денсаулық үшін қандай маңызды екенін бәріміз де білеміз. Ұзақ уақыт сапалы су тұтынған жағдайда көптеген аурудың алдын алуға болады. Сондай-ақ судың сапасы жасаған тағамның дәміне де әсер етеді. Мысалы сапалы, қымбат сұрыпты шай немесе кофе алып оны хлорлы суда демдесеңіз, оның бар құндылығы, дәмі жоғалады. Хлорлы су бізді түрлі қауіпті вирус пен микробтардан сақтағанымен, ағза үшін зиянды. Ол денедегі ақуыз құрылымының бұзылуына әсер етеді.

Әрине, қазір су тазартатын түрлі арнайы сүзгі құралдары қолжетімді. Алайда оны үнемі ауыстырып жаңалап отырған қалтаға салмақ салатыны тағы бар. Ендеше қаражатыңызды үнемдейтін, бірақ сапалы суға қол жеткізуге болатын қарапайым әдіс-тәсілдерді біле жүрген артық болмайды.


Қайнату арқылы тазарту

Суды тазартудың ең қарапайым және ең көп белгілі тәсілі – қайнату. Су жоғары температурада қайнаған кезде залалсызданып, микроб, вирустардан тазарады. Тек мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін ыдыстың бетін жаппай кемі 10-15 минут қайнату керек. Барлық зиынды қоспалар бумен шығып кетуі тиіс.

  • Алайда қанша қайнаса да хлорлы қоспа қалады және денсаулық үшін қауіпті концергенді затқа айналады.
  • Сондай-ақ су құрамындағы тұздың бір бөлігі қайнаған соң ыдыс жақтауына тұрып қалады. Сонда біз суды қайнатып зиянды вирустарды жойғанымызбен, екінші жағынан тұз бен ауыр металдардың деңгейін көтеріп алады екенбіз.
  • Қайнатылған суды «өлі су» деп бекер атамайды. Себебі одан адам ағзасына ешқандай да пайда жоқ.


Тұндырып қою

Суды тұндырып қою арқылы да тазартуға болады. Бұл өте қарапайым тәсілдің бірі. Бар болғаны суды ыдысқа құйып 8 сағатқа бетін ашып қойып, арасында араластырып тұру қажет. Сонда құрамындағы хлор буланып кетеді.Алайда ауыр метал тұздар буланбайды, олар су түбіне тұнады. Сондықтан тұнған суды пайдаланғанда араластырмай бет жағын құйып алып отыру керек.


Ас тұзымен тазарту

Күнделікті ас үйде пайдаланып жүрген ас тұзымен ауызсуды тазартып ішуге болады. Құбырдағы суды ыдысқа толытырып, 2 литр суға 1 ас қасық тұз саламыз, араластырмаймыз. 15-25 минуттан кейін суды іше беруге болады. Тұз судың құрамындағы ауыр металдар мен зиянды микроорганизмдерді тазартады. Тек мұндай тәсілмен тазартылған суды күнделікті тұтынуға болмайды. Аптасына 1-2 рет.



Мұздату

Суды мұздату арқылы тазарту қазіргі кезде ең кең тараған, танымал тәсілдерді бірі және мұның тиімділігі жоғары. Шыныдан басқа кез-келген ыдысқа су толтырып (жоғарғы жағынан шамалы бос орын қалғаны дұрыс) мұздатқышқа салу керек. Судың жартысына дейін мұз болғанын қадағалаңыз. Ал қалған мұзға айналмаған суды төгіп тастаңыз. Себебі таза су тез қатады, ал мұзға айналмаған бөлігінде зиянды қоспалар бар. Сондықтан оның мұзға айналуы баяу жүреді.

Мұзға айналған суды ерітіп ішуге, тағам дайындауға пайдалана беруге болады. Мұздан еріген судың емдік қасиеті жоғары болады. Ағзаның тез қайта қалпына келуіне, аллергияны жеңілдетуге т.б жағдайларда жақсы көмектеседі.


Кремний тасымен тазарту

Дәріханадан кремнийдің бір кесегін алып суды артық заттардан тазартуға болады. Кремнийді жылы суға жақсылап жуып 2 литрлік банкаға салып үстіне мұздай су құямыз. Бетін дәкемен (марля) жауып, жарық, бірақ күн көзі тікелей түспейтін жерге қою керек. Екі-үш күннен соң тазартылған су дайын. 3-10 грамм аралығындағы кремний 1,5 л суға мөлшерленеді. Сондай-ақ тазартылған суды басқа ыдысқа мұқият құйып алып, түбіндегі 3-5 см су тұнбасын қалдырыңыз. Яғни, суды түбіне дейін пайдалануға болмайды.


Белсендірілген көмір

Егер үйде су тазартатын сүзгі құрылғы болмаса, оның орнына белсендірілген көмір (активированный уголь) пайдалануға болады. Себебі көптеген сүзгілерде көмір қолданылады. Белсендірілген көмір судағы жағымсыз иісті (тот басқан темірдің, пластмассаның, хлордың) жойып қана қоймай, сорғы секілді бар зиянды заттарды өз бойына тартып алады.

Үлдірге белсендірілген көмірді 1 литр суға 1 таблетка мөлшерімен орап салып, келесі күні 8 сағаттан кейін пайдалана беруге болады.


Күміспен тазарту

Бұл тәсіл бұрыннан қолданылады. Таза күмістің көмегімен судағы химиялық қосылыстар және зиянды микробтар тазартылады. Күміс сақина, қасық немесе теңгені су толы ыдысқа салып 10-12 сағатқа немесе түнге қалдыру керек. 10-12 сағат өткен соң пайдалана беруге болады.


Халық арасындағы бұрыннан келе жатқан тәсілдер:

  • Сіркесуы - 1 литр суға 1 шай қасық сірке суын араластырып, 2-6 сағат тұндырып қоямыз.
  • Йод - 1 литр суға 3 тамшы 5%-дық йод тамызылады. Бұл тәсілде де 2-6 сағат тұндырылу керек.
  • Ақ шарап - шараппен (вино) тазарту үшін 1 литр суға 300г жаңа жабылған құрғақ ақ шарап қосып, араластыру керек. 2-6 сағаттан соң пайдалана беруге болады.
  • Үш тәсілдің де ортақ кемшілігі кейбір зиянды вирустар мен хлордың аз мөлшері суда қала береді.


    Дистилденген су (дистиллированная) - мұндай суда ешқандай зиянды заттар болмағанымен, ағзаға тигізер пайдасы да жоқ және оның еш дәмі болмайды. Бұған қоса үнемі дистилденген су пайдалану ағзадағы қажетті минералдар мен тұздарды шайып кетеді.

    Магнитпен тазарту - қазір бұл тәсілді де қолданып жүргендер бар. Алайда мұның тиімділігі дәлелденбеген және магнит хлорды тартып ала-алмайды.


    Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

    ERNUR.KZ.


    Тағы оқыңыз:


    Тоңазытқышты 15 минутта қолдан жасап алуға болады


    ҮТІКТІ тазалауға ПАРАЦЕТАМОЛ жақсы көмектеседі