​2021 жыл қандай болмақ? Коронавирус кетіп, карантин біте ме?

0
7 073

Нумерологтар осы сұрақтың жауабын табу үшін есеп пен болжам жасады.


​2021 жыл қандай болмақ? Коронавирус кетіп, карантин біте ме?

2020 жыл бүкіл әлемді әуре-сарсаңға салып, болмағанды болдырды, көрмегенді көрсетті, білмегенді үйретті. Жыл бойы жағымсыз жаңалықтар мен соққылар салдарынан құр сүлдері қалған дүйім жұрттың бар үміті келер жылда. Оған да көп күн қалған жоқ. Әрине, күллі дүниеге таралған індет бір күнде жойылып кете салмайтыны анық. Алайда, 2021 жылы ел еңсесін басқан аурудан айығып, есін жия ала ма? Нумерологтар жыл санына есеп жасап, осы сұрақтың жауабын іздеді. Тапты да.


2021 жыл «5» санының ықпалында. Жыл цифрларын қосқанда, осы сан шығады:

2+0+2+1=5

5 санының энергиясы еркіндік, тәуелсіздік пен үлкен өзгеріс әкеледі екен. Сондықтан, нумерологтар соы жылда өмірдің барлық саласында батыл шешімдер қабылданып, үлкен өзгерістер орын алатынын сеніммен айтады. Жақсы өзгерістер көктемнен басталады.


«5 жылы» адамдардың жаңаны игеруге деген қызығушылығын оятады, жаңа бастамаға итермелейді. Бірден шешім қабылдап, тәуекелге бас тіге білгендердің тасының өрге домалауына, жетістікке жетуіне жәрдемдеседі. 2020 жыл адамзаттан қиналыс, табанды еңбек, оқшаулануды талап етсе, 2021 жыл батылдық, шапшаңдық және соқыр тәуекелшілдікті қажет ететін көрінеді.


«5» саны Меркурийдің ықпалында. Ал Меркурий ең жылдам планета саналады. Осыған сәйкес, өзгерістер тез орнап, олардың салдары да жылдам білініп жатады екен. Адамдардың энергиясы шектен тыс асып-таситын жағдайы жиілейді. Мұның соңы асығыстыққа, аяқ астынан шешім қабылдауға, үйреншікті өмірді бірден өзгерте салуға, ұйқысыздыққа алып келеді.


Өзгерістер әлемдік экономика саласын да айналып өтпейді. Сондықтан, қандай жағдай болса да, қаржылық қуатыңыздың болғанын қаласаңыз, жинақ ақшаңызды жұмсауға асықпаңыз. Қайта, қолыңызға түскен әр тиынды қоса беріңіз.


Коронавирус хақына келсек. Нумерологтар болжамды тағдыр сандары, аспан денелерінің ықпалымен қоса, вирусологтар мен медицина мамандарының да пікірін есепке ала отырып жасауда. Сала мамандарының барлығы дерлік 2021 жылы да коронавирустан ешқайда қашып құтыла алмаймыз дейді. Қазақстан ғана емес, төрткүл дүние дәл қазіргідей тізе біріктіре күреседі. Алайда, 2020 жылмен салыстырғанда біршама жақсы жақтары да жоқ емес:

  • аурудың таралу жылдамдығы айтарлықтай бәсеңдейді;
  • ауруханалар қажетті жабдықтармен, дәрі-дәрмектен толықтай қамтамасыз етіледі.
  • ел-жұртта екпеге сенім орнап, жаппай екпе салдыру жүзеге асады;
  • дәрігерлер, тіпті қарапайым адмдар да коронавируспен күресудің жолдарын жақсы біледі;
  • адамдардың ағзасында коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасады.


Осындай жағдайлар адамзаттың аталған дертті жыл соңына дейін толықтай жеңіп шығуына негіз болады. 2021 жылдың күз мезгіліне қарай адамзат ешқандай вирусты ойлап уайымдамайтын, карантин деп қамалмайтын, шектеулер қойылмайтын бұрынғы өміріне қайта орала бастайды дейді нумерологтар.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Есіміңіз НЕШЕ ӘРІПТЕН тұрады? Оның да ҚҰПИЯСЫ бар

ДОС-ҚҰРБЫ ортасындағы ОРНЫҢЫЗ ҚАНДАЙ екенін білгіңіз келе ме?