​Бойыңызда басқалар ҚЫЗЫҒА қарайтын ҚАСИЕТІҢІЗ бар ма?

0
2 131


​Бойыңызда басқалар ҚЫЗЫҒА қарайтын ҚАСИЕТІҢІЗ бар ма?

Әр адамның жақсы да, жаман да қырлары табылады. Содан да әркім өзінде жоқты басқадан көрсе, қызығып, кейде қызғанып жүретіні.

Сіздің де бойыңызда өзгелер қызыға да, қызғана қарайтын қасиеттеріңіз баршылық. Ол туралы өзіңіз білесіз бе?


ТОҚТЫ – тіпті ең қиын жағдайларда да қайғыға берілмейтініңіз, жақсылыққа сенетініңіз, позитивті күйді сақтай алатыныңыз көпке үлгі.

ТОРПАҚ – талғамыңыз өте жоғары, қандай киім-бұйым алсаңыз да, қай жерде жүрсеңіз де, бүкілі сізге сүйсіне, тамсана қарайды.

ЕГІЗДЕР – әлеуметтің арасында белсендісіз, кез келген ортаға тез бейімделесіз, осы қасиетіңізге көп адам қызығып, өзінде болмағандықтан, көлеңкеден шыға алмай жүр.

ШАЯН – дәл сіз секілді шынайы, адал дос болу екінің бірінің қолынан келе бермейді.

АРЫСТАН – көпшілік талаптар мен мақсаттарыңыздың тым биік екенін айта тұра, қарсы келе тұра, кейде сондай бола алмағандары үшін қынжылады, сізге қарап қызығады.

БИКЕШ – сіздің ойлау қабілетіңіз, интеллект деңгейіңіз – өзгелердің ұқсап бағуға тырысатын, жетуге тырмысатын басты артықшылығыңыз.

ТАРАЗЫ – өте тартымдысыз, сондықтан сізді бәрі жақсы көреді. Сол қасиетіңізді қызғана отырып, кейде көреалмаушылыққа ұласса да, жақсы көруден бас тарта алмайды.

САРЫШАЯН – діттегеніңізге жетпей тынбайсыз. Көпшілік адамдар сізбен мақсаттас болып, бірге қадам баса отырып, мақсатына бірге жеткісі келеді.

МЕРГЕН – сізде бостандық, еркіндік бар. Жауапкершілікті, шекараларды сезіне отырып басқарғандықтан, оны ешкім тартып ала алмайды. Тым босаңсып кетіп, бостандығынан айрылып қалатын жандар осы жағынан сізге қатты қызығады.

ТАУЕШКІ – өзгелердің қолынан келмей жататын, ал сіз өте оңай жүзеге асыратын бір нәрсе бар, ол – өзін тәртіпке бағындыру.

СУҚҰЙҒЫШ – табиғатыңыз еркіндікті қалайды, әйтсе де, өзіңізді бір мақсат-мүддеге бағыттап, соның жолында тынбай еңбектенесіз. Соның арқасында жақсы нәтижеге, жетістікке жетесіз. Өзгелер өз бойынан осындай ерік-жігерді таппай, сізге көз алартып әлек.

БАЛЫҚТАР – өмірге шексіз ғашық болу, ғажайыпқа сену, құлай сүю, сезімге берілу – мұның бәрі ересек адамдар бойынан жоғалтып алатын қасиеттер. Сізде жақсы сақталған, соныңызға бәрі қызығады.

Дайындаған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Сізді КҮЗГІ ДЕПРЕССИЯДАН құтқаратын ҚҰПИЯ әдіс