​Депрессияда жүрсіз бе? Сізді мына амал құтқарады

0
5 372

Әр белгі иесі стреспен өз болмысына сай күрескені дұрыс.


​Депрессияда жүрсіз бе? Сізді мына амал құтқарады

Депрессия, стресс – ХХІ ғасыр адамдарының басты дерттерінің бірі. Екінің бірінде, екі күннің бірінде стресс алатындай жағдайлар мен оқиғалар өте көп. Сондықтан, олармен күресу амалын білу әрбірімізге қажет.

Астрологтардың айтуынша, әр белгі иесі стреспен өз болмысына сай қарумен қарсы тұрғаны дұрыс екен.


ТОҚТЫ

Олар тым белсенді, бір орында отыра алмайды. Көбіне стреске түсуіне бірсарынды өмір де себеп болып жатады. Сондықтан, өзін нашар сезіне бастағаннан кішігірім саяхатқа шығып кеткені жөн. Ол шетел болсын, табиғат аясына болсын, қалада тұрса – ауылға, ауылда тұрса – қалаға шығып, бой жазып, ой сергітіп қайтса болғаны.


ТОРПАҚ

Белгі иелері үшін жақындарының жан жылуы өте қымбат. Ол тіпті депрессия, стресс жағдайында дәру де бола алады. Достарымен көңілді отырыс, туыс-туғандарымен арқа-жарқа болып ішкен ас, әріптестермен әңгіме-дүкен құру – осы сынды басқосулар стрестің қандай шыңырауынан болсын шығарып алады.


ЕГІЗДЕР

Стрестен арылып, сабасына түсу үшін Егіздерге бойын барынша босатып, ойын сергітіп, жақсылап демалу қажет. Босаңсытатын еркін демалысты алкогольді сусыннан іздемеген жөн. Оның орнына гүлдермен терапия және медитация жақсы көмектеседі.


ШАЯН

Не болса соны уайымдап, сарыуайымға салынғыш жандардың қатарынан. Сондықтан жиі стреске түсіп, депрессияға ұшырап жүреді. Көбіне тұйықталып, жақындарымен бөліспей, проблемалармен бетпе-бет жалғыз қалады. Өзінің уайымшылдығымен күрескені жөн. Және жақын адамдарына айтып, олардың көмектесуіне мүмкіндік берген дұрыс.


АРЫСТАН

Көбіне ақша үшін стрестік жағдайларға түсіп жатады. Негізінде, белгі иелері бұл өмірде ең бастысы ақша, материалдық құндылық емес екенін түбегейлі түсінгені жақсы. Сонда ой-санасына түсер біраз жүк жеңілдейді. Ал басқа жағдайлардан туындайтын стрестен жақындарының қамқорлығы мен көмегі құтқара алады.


БИКЕШ

Басына қиын іс түскенде, стрестік жағдайда жүргенде Бикештер тұйықталып, жағдайын басқалармен бөліспейді. «Басқалар менің қиналғанымды білмеуі керек, бәрін өзім шешем» дегендей ойлар болады. Бірақ бұл жағдайын одан әрі қиындатады. Мәселені шешу, стресті жеңу үшін жақын жандардың қолдауы ауадай қажет.


ТАРАЗЫ

Басқалармен салыстырғанда, бұл белгі иелеріне жалғыздық, оңашалық жақсы әсер етеді. Сондықтан, депрессияға, стреске түскенде жалғыз қалып күш жинағаны абзал. Энергияны сүйікті ісімен айналысудан ала алады. Негативті ойдың бәрін өшіріп тастау керек. Тіпті ештеңені ойламай, еш нәрсеге алаңдамай бірнеше күнді өткізсе, стрестің де ауылы алыс болады.


САРЫШАЯН

Қандай қиын жағдайда жүрсеңіз де, тек жақсы ой ойлаңыз, жақсылық күтіңіз, бәрі оңынан болатынына сеніңіз. Негативті ойлардың белең алуына, сол арқылы жамандық шақыруына жол бермеңіз. Бұлай жасау қаншалықты қиын болса да, сізді стрестен құтқаратын жалғыз жол – осы.


МЕРГЕН

Дперессияға, стреске ең төзімді, барлық жағдайды жеңіл қабылдап, оңай өткізетін жандар. Қандай жағдай болса да, еңсесін тік көтеріп, басын бұқпай, қасқайып қарсы алады. Жаман ойлар мен негативті эмоцияға жол бермейді.


ТАУЕШКІ

Тым көп жұмыс істейді, шектен тыс еңбекқор. Ғажайыпқа сенбейді, позитивті ойлардан көрі негативті ойларға көбірек жол береді. Соның салдарынан стреске түсуге бейім. Өзін нашар сезіне бастағаннан бірден жақсы демалыс ұйымдастырғаны жөн. Өмірдің әр сәтінен ләззат алуды, айналасындағы сұлулық пен ғажайыптарды байқауды үйренгені де артық болмайды.


СУҚҰЙҒЫШ

Белгі иелеріне стресті жеңуге спортпен шұғылдану немесе белсенді демалыс жақсы көмектеседі. Адреналин бөлінісі, өткір сезімдер бойы мен ойын барынша босаңсытып, позитивті күйге енуді жеңілдетеді.


БАЛЫҚТАР

Жүрегі нәзік, табиғаты шығармашылыққа жақын белгі иелері стресс, депрессия алдында әлсіздеу. Алайда, бұл күйден шығуға оларға өзінен басқа ешкім көмектесе алмайды. Сондықтан үнемі өз жай-күйін бақылауда ұстап, өз көңілін өзі көтеріп жүруге тиіс. Сүйікті іспен айналысу, негативті эмоция беретін адамдармен араласудан бас тарту да жақсы көмектеседі.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Ең көп күттіретін, үнемі кешігіп жүретін – ОЛ КІМ?