​Егер Сіз ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСЫ болсаңыз...

0
2 032

Сіздің күніңізде ауа райы қандай болар еді?


​Егер Сіз ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСЫ болсаңыз...


ТОҚТЫ – ЖАНАРТАУ: аяқ астынан жарылады, айналасына ыстық лава төгеді.

ТОРПАҚ – ЖЕР СІЛКІНІСІ: өте қуатты, бұлқынса, бәрін қиратады.

ЕГІЗДЕР – ҚҰЙЫН: күтпеген жерден бас көтеріп, тез басыла қалатын қызық құбылыс.

ШАЯН – ЦУНАМИ: алыстан қарасаң, арбайды, жақында болсаң, жалмайды.

АРЫСТАН – ОРМАН ӨРТІ: алға қарай лап қоятын, тоқтатуға дес бермейтін тілсіз күш.

БИКЕШ – ТҰМАН: тұмшалайтын торлары бар, көзге анық көрінбейді, ойын оқи алмайсың.

ТАРАЗЫ – МУССОН, ЖАУЫНДЫ МАУСЫМ: шелектеп төгіп, тым шектен шығады.

САРЫШАЯН – НАЙЗАҒАЙ: ықтыратын, тысқыратын тылсым күші бар, түскен жерінің топалаңын шығарады.

МЕРГЕН – ТОРНАДО: аяқ астынан бұрқ етіп, айналасын бұрқан-талқан қылады.

ТАУЕШКІ – ҚАРЛЫ БОРАН: ызғарлы, суық, қатыгез.

СУҚҰЙҒЫШ – СОЛТҮСТІК ШҰҒЫЛАСЫ: сирек орын алатын, сиқырға бергісіз, феноменалды құбылыс.

БАЛЫҚТАР – ТАҢ ШАПАҒЫ: тазалық пен жаңа бастаудың символы.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Күйеуіңіздің аты қай әріптен басталады? Ол сіздің өміріңізге әсер етеді