Бұл күндері туғандар отбасына өте көп көңіл бөледі. Жұбайымен, балаларымен уақыт өткізгенді жақсы көреді.
Сурет: i.pinimg.com
Айдың 6, 15 немесе 24-ші жұлдызында дүниеге келген ер адамдар - нағыз романтик отағасылар.
- Олар отбасын, жанұялық қарым-қатынасты, жұбайлық сүйіспеншілікті бірінші орынға қояды. Қамқорлық пен көңіл аударуды жоғары бағалайды және жақындарына үнемі соны сыйлап жүруге тырысады. Олардың махаббат тілі – эмоциялық жақындық, тән жанасуы мен романтика.
Бұл күндері туған ер-азаматтар отбасына өте көп көңіл бөледі. Олар өздерінің жұбайын бағалап, балаларымен уақыт өткізгенді жақсы көреді. Әйел адамдарының бойынан әдемілікті, тәтті қылықты, тартымды іс-қимылдарды жіті аңғарады. Көңілге майдай жағатын, құлақтан кіріп, бойды алатын комплимент айтудың хас шебері.
- Ер адамның мұндай қыры кейбір ұнамсыз қасиеттерімен де ұштасады. Мәселен, олардың әйелдеріне әдемілікті сақтап тұру жағынан қиындық туындауы мүмкін. 6, 15, 24-ң күні туғандар – эстеттер. Олар үшін айналасындағы заттардың жоғары талғаммен таңдалуы мінсіз үйлесуі, тазалығы, тәртіппен орналасуы аса маңызды. Үйдегі жалпы көрініс, жайлылық пен тазалыққа жауап беретін адамға өте жоғары талап қояды. Көп отбасыда мұндай жауапкершілік әйелдің мойнында болатындықтан, талап та әйелге бағытталатыны түсінікті.
Сол сияқты, жұбайынан көп нәрсе күтеді. Үнемі талғаммен киінуін, әрқашан әдемі боп жүруін, сұлулығын сақтауын қалайды. Мұндай адамның жары болсаңыз, бір күн болсын ұқыпсыз, қалай болса солай жүрудің өзі қауіпті. Тысты да, үйде де үнемі сырт келбетіңізді қадағалап жүріңіз. Таза киіммен, ұқыпты көрінуге барыңызды салыңыз. Макияж жасау немесе кешкі көйлекпен жүру міндетті емес, сәнді әрі ыңғайлы үй киімі, жинақы әрі жарасымды шаш үлгісі, тазалық жеткілікті.
- Жалпы, мұндай адамдарды жауапты, ұқыпты және жомарт деп сипаттауға болады. Оларға айналасындағы адамдар үстемдік етпеуі, ешқашан ештеңе жасауға мәжбүрлемеуі керек. Әйтпесе өз жолынан тайып, болмысынан айнып, романтикалық қадам жасауға деген ынтасы өшеді.
Мұндай адамдарға ақша көбіне отбасы арқылы келеді: әке мұрасы, бай отбасының қызына үйлену немесе отбасылық бизнес арқылы.