Астанада автобус бағанаға соғылып, жолаушылар жарақат алды

0
228

​Зардап шеккендердің жағдайы қандай?


Астанада автобус бағанаға соғылып, жолаушылар жарақат алды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Жол-көлік оқиғасы Астанадағы Бараев көшесінде болған, деп жазады inbusiness.kz.

“Бүгін Бараев көшесімен Қабанбай батыр даңғылына қарай келе жатқан маршруттық автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай жол жиегінде тұрған бағанаға соғылған. Оқиға болған кезде автобуста 25-ке жуық жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді, – деп хабарлады елордалық Полиция департаменті.

Полиция атап өткендей, тексеру жүргізіліп жатыр. Апаттың мән-жайы мен себебі анықталады.