​Көкөністерден дайындалған лазанья

0
327

Өте дәмді пісірмені әзірлеп көріңіз!


​Көкөністерден дайындалған лазанья


Қажетті қоспалар:

  • Дайын қамыр - 400 г
  • Ірімшік - 250-350 г
  • Өсімдік майы - қуыру үшін
  • Көкөніс тұздығы үшін:
  • Баклажан-1-2 дана
  • Цуккини - 2 дана
  • Пияз - 1 дана
  • Сәбіз - 1 дана
  • Болгар бұрышы -4-5 дана
  • Қызанақ (балғын немесе консервіленген) - 1 кг
  • Сарымсақ - 2 тіс
  • Тұз, бұрыш, қант
  • Дәміне қарай аскөктер
  • Тұздық үшін:
  • Сүт - 900 мл
  • Ұн - 5 ас қасық
  • Май - 70 г
  • мускат жаңғағы, тұз, бұрыш


Дайындалу тәсілі:

  1. Баклажанды текшелеп турап, тұздап қойыңыз. Сіз басқа қоспаларды дайындап болғанша баклажанның суы шығады, оны төгіп тастау керек.
  2. Тұздықты дайындау үшін сары майды баяу отта ерітіңіз. Ұн қосып, маймен жақсылап араластырыңыз. Қоспаны араластыруды жалғастыра отырып, жылы сүтті жаймен құйыңыз. Араластыра отырып қоспаны біркелкі және қоюланғанша бірнеше минут пісіріңіз. Дәміне қарай тұз, қара бұрыш пен мускат жаңғағын қосыңыз. Дайындық процесін жеңілдету үшін ірімшіктің бір бөлігін тұздыққа бірден қосуға болады.
  3. Көкөністерді дайындаңыз. Пияз бен сәбіздің қабығын аршып, текшелеп турау керек. Болгар бұрышын да дәл солай турайсыз. Тұздалған баклажанның суын сорғытып, кептіріп осы көкөністерге қосасыз.
  4. Өсімдік майын қыздырып, пиязды салыңыз. Пияз біраз қуырылған соң сәбізді салыңыз.
  5. Көкөністерді араластыра отырып қуырыңыз, бұрыш қосып, содан кейін баклажан мен цуккиниді саласыз. Әрбір келесі компонентті қоспас бұрын, 2-3 минут қуыруды ұмытпаңыз.
  6. Барлық көкөністерді салған болсаңыз, орташа отта тағы 7-10 минут қуырыңыз.
  7. Содан соң қызанақтардың қабығын алып татсап, тураңыз. Туралған қызанақты көкөністерге қосыңыз.
  8. Туралған сарымсақ, тұз, қара бұрыш, кориандр, бірнеше кесек қант және кептірілген немесе жаңа піскен хош иісті шөптер қосыңыз. Табаның қақпағын жауып, 25-30 минут баяу отта тұздықты қайнатыңыз. Қажет болса, дәміне қарай көбірек дәмдеуіш қосыңыз.
  9. Барлық негізгі компоненттер дайын, көкөніс лазаньясын жинай берсеңіз болады.
  10. Пісірмеге арналған форманы көкөніс немесе сары маймен майлаңыз. Сосын лазанья қамырының бір қабатын қойыңыз.
  11. Көкөніс салындысын салыңыз. Үгітілген ірімшік пен көкөніс қабатын себіңіз және қабаттарды қайталаңыз. Бірнеше қабат жасағаннан кейін бетіне ірімшік себелеп, фольга қағазымен жабасыз. 180-200 градусқа қыздырылған пешке салып, 30 минут пісіру керек.
  12. Кейіннен фольга қағазын алып тастап, пісірмені тағы да пеште 15 минут ұстайсыз. Сонда пісірменің беті қызарып піседі. Тағам дайын!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы;

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

ДӘМДІ МӘЗІР: жаңғақ пен сәбізден дайындалған кекс