Еріңізді «ЕРІТІП» жіберетін БІР ҒАНА ӘДІС

0
3 348

Ол әдісті білсеңіз, күйеуіңіздің махаббаты одан сайын маздайды.


Еріңізді «ЕРІТІП» жіберетін БІР ҒАНА ӘДІС

Әр әйел өз азаматы үшін ең сүйікті болғысы келеді. Бірақ кейде күйеудің талғамын, қалауын жете білмегендіктен, қандай да бір әрекетпен суытып алу әбден мүмкін.

Сіздің сүйген жарыңыз бойыңыздан қандай қасиет не әрекетті көргісі келеді? Мұны жұлдызнамасынан біліп алыңыз. Қалауын тапсаңыз, еріңіздің сізге деген махаббаты маздап жанатын болады.


ТОҚТЫ

Оның жанында кез келген экстримге дайын болыңыз. Өйткені, Торпақтар адреналин алғанды жақсы көреді. Осыған дейін экстримді спорт түріне деген қызығушылығына талай куә болған шығарсыз. Енді сіз де ол сияқты батыл, тәуекелшіл болуд үйреніңіз. Сонда сізге деген сүйіспеншілік, ризалығы артқан үстіне арта береді.


ТОРПАҚ

Торпақ ерлер үшін күннің ең жақсы қорытындысы – дәмді кешкі ас. Өзі үшін арнайы дайындалғанын білу, әйелінің қамқорлық жасам қалбалақтап жүргенін көру – бір бақыт. Осындай бақытпен басын бір айналдырып жіберсеңіз, сізді де риза етуге барын салады.


ЕГІЗДЕР

Әдетте ерлер әйеліне жиі айтатын «Неге қоңыраулата бересің?», «Хабарласпа!» дегендей сөздерді Егіздер ғана айтпайтын шығар. Өйткені, олар сөйлескенді жақсы көреді. Біреу еш себепсіз, шаруасыз, өтінішсіз, жай ғана өзінің хал-жағдайын білу үшін қоңырау шалғанын білсе, ол адамға деген құрметі айрықша болады.


ШАЯН

Шаяндар өте сезімтал, эмоцияға берілгіш келеді. Түймеейді түйедей көріп, болмашыға ренжиді. Осындай жағдайларда оның жұбатын көңілін көтерудің жолын іздеңіз. Тапқан әдісіңізді мықтап меңгеріңіз. Сонда еріңіз үшін сізден артық, сізден бағалы жан болмайды.


АРЫСТАН

Белгі иелері елдің назарында жүргенді жақсы көреді. Бұл өзіңізге де бесенеден белгілі шығар. Еріңізге осы бір қалауын шамасынан асыра орындап, өзіне риза болуға көмектесіңіз. Ол үшін үнемі елден ерек, айрықша салтанатты, көзге бірден түсетін бұйымдар сыйлауды әдетке айналдырыңыз. Арыстандар алғыс айтуды, жақсылықтың қайтарымын жасауды әсте ұмытпайды.


БИКЕШ

Бикештер үйде болсын, жұмыс орнында бослын, реттілік пен тәртіптің бәсін жоғары қояды. Кейде еүйеуіңіз үй шаруасына, тазалыққа сізден жақсы сияқты көріне ме? Ендеше, сіз де талпыныңыз. Әйелдің шаруасын әйелдің ғана керемет орындайтынын көрсетіңіз. Сонда сізге берер бағасы да жоғары. Жұмыс орнын ретке келтіріп, жайлы жағдай жасап берсеңіз, тіптен риза болады.


ТАРАЗЫ

Таразылар сезімін әдемі сөздермен білдіргенді, махаббат жайлы сыр шерткенді жақсы көреді. Әрине, өзіне де өзге біреу сондай тәтті сөздерін арнағанын қалайды. Сондықтан, еріңізге махаббатыңызды білдірерде басты қаруыңыз – сұлу сөз, жан тебірентер жыр жолдары болсын.


САРЫШАЯН

Белгі иелері қызықты әрі еліктіретін белгісіз нәрселердің шырмауында болғанды, жұмбақтың шешімін іздеуді жақсы көреді. Сондықтан, оған сезім білдірерде ашық та айқын жайып салмаңыз. Жасырын сөздермен жұмбақтап, астарлы сөзбен орағытып кеп ойландырып тастаңыз. Іс-әрекетіңізде де құпиясы толық ашылмаған қалтарыстар болсын. Мұндай жанның жұмбағын шешуге Сарышаяндар қашан да ынтызар.


МЕРГЕН

Қанша жерден діті қатты ер-азамат десе е, Мергендердің ішінде нәзіктік пен романтикаға жақын жа жасырынып жатыр. Мүмкін, өзін жақсы танып үлгерсе, бұл қырын ашық көрсетіп те жүрген болар. Оның көңілін көтеріп, ризашылығын алу үшін романтикалық кеш, тосын сыйлар жиі ұйымдастырып тұрыңыз. сонда сізге де романтикаға, сезімге, жылуға толы күндерді көбірек сыйлайтын болады.


ТАУЕШКІ

Барлық белгі иелері ішінде қиялға берілмей, шынайы өмірді бар қалпында қабылдайтын – Тауешкілер. Олар үшін махаббат та, сезім де тұрмыстық өмірмен, материалдық жағдаймен біте қайнасып жатыр. Әйелі отбасына қажетті қаражаттың бір бөлігін тауып тұр ма? «Керемет!» Мәселелердің бір бөлігі жұбайының мойнында ма? «Тамаша!» Төленбей тұрған несиені, қайтарылмай жатқан қарызды жабуға қосымша қаржыны қабырғасы тапты ма? «Жарайсың, жаным! Мен сені жақсы көремін!».


СУҚҰЙҒЫШ

Қызық әрі ерекше бір әдеті – жақын адамдарымен зәуде бір арақашықтықты алыстатқысы келіп тұрады. Сондайын сезгенде оңаша қалуға мүмкіндік беріп, біраз уақыт мазасын алмай тұра тұрыңыз. Бір үйде жүрсеңіздер де, көп сөйлемей, бар екеніңізді аса білдірмей, жыраққа кетсе, қоңырау шалмай, өз уақытын өткізуге мүмкіндік беріңіз. Көп ұзамай сізге деген жаңаша махаббатпен, бұрынғыдан да зор құрметпен қайта оралады.


БАЛЫҚТАР

Буын-буыны босайтындай, бойы балқып, құрыс-тырысының бәрі жазатындай массаж жасап беріңіз. Жанға жайыл әуен, хош иісті балауыз, емдік әрі жағымды әсері бар массаж майлары – бәрін арнайы дайындаңыз. Осындай ритуалдан кейін еріңіздің бойы ғана емес, ойы да сергіп сала береді. Сәйкесінше, сізге деген сезімі де жаңаша лепке ие болады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

НУМЕРОЛОГИЯ: Сізге энергияны қайдан алу керек?