Кімнің ТАЗАЛЫҚ сүйгіш, кім САЛАҚ екенін біле аласыз

0
3 961

Енелер мен болашақ жар, күйеу таңдаушыларға, тазалық "қызметшісін" іздегендерге "шпаргалка"


Кімнің ТАЗАЛЫҚ сүйгіш, кім САЛАҚ екенін біле аласыз

ТОҚТЫ

Олар тазалық жұмыстарын уақытты текке жұмсау деп санайды. Оны аса маңызды нәрселер қатарына қоспағандықтан, өмірінің өлшеулі сағаттарын басқа қызықты дүниелерге арнағанды дұрыс көреді. Үй-жайын тазалауға оқта-текте арнайы бір күнді белгілейді. Алайда, дәл сол күні басқа жерге шақырту алса, оп-оңай кейінге ысырып, қыдырып кете салады.


ТОРПАҚ

Белгі иелері үшін өзінің де, өзі жүрген ортаның да сырт бейнесінің өзгелерге қалай көрінетіні маңызды. Сондықтан, бәрінің эстетикалық тұрғыдан тартымды, ыңғайлы және таза болуы үшін көп күш салады.


ЕГІЗДЕР

Негізінде үй тазалағанды жақсы көреді, айналасы мұнтаздай боп тұрса, көңілі де көтеріңкі болады. Алайда, бір басына одан басқа да көптеген мақсат-міндеттерді үйіп алатындықтан, бастаған тазалық жұмысын аяғына дейін жеткізуі қиын.


ШАЯН

Оларды ұқыпты деуге болады, алайда тазайын деуге келмес. Қонақ күтерде ғана үй-жайына толықтай тазалау жүмысын жүргізеді. Басқа уақытта жуу-қырнаумен айналыса бергенді жаны сүймейді. Күнделікті жеңіл-желпі реттеу, жинақтаумен шектеледі.


АРЫСТАН

Тазалықты, реттілікті жақсы көреді, бірақ тазалық жұмысын өзі жасағанды ұната бермейді. Сондықтан, үй ішін мұнтаздай таза етіп, айнадай жарқыратып қою үшін жоғары санатты кәсіби тазалықшыларға қанша болса да ақысын төлеп жасатуға дайын.


БИКЕШ

Тазалық пен реттілікті өмірлік маңызды құндылықтар қатарына қосады. Әр затын арнайы қорапта сақтап, әр қорапты көлемі мен пішініне қарай біркелкі етіп жинау – олар үшін ұлы іс. Бір жерден кішігірім дақ не білінер-білінбес шаң көрсе, соны сүртіп-тазалап, кетірмейінше жаны жай таппайды.

ТАРАЗЫ

Үй-жайын жайына қалдырып, өзімен әлек болатындардың бірі. Жеке бас гигиенасы, киім-кешектерінің тазалығында мін жоқ. Тек, олардың тазалық шекарасының одан әрі аспайтыны өкінішті. Бөлмелердің қуыс-қуысындағы шаң-кірлерді ақтарғаннан көрі сұлулық салонына барып, ойын-сауық құрып, дәмді ас ішіп, өзін күткенді жөн санайды.


САРЫШАЯН

Олар үшін қоршаған ортаның, жүрген жерінің тазалығы аса маңызды емес. Жеке бас гигиенасында бәрі жақсы болса, сол жеткілікті. Сондықтан да болар, белгі иелерінің үсті-басы үнемі мұнтаздай болса да, үй ішінің тазалықтан жалтырап тұрмауы талайларды таң қалдырады.


МЕРГЕН

Тазалықты ұнатады, шашылып жатқан, лас ортада өздерін жайсыз сезінеді. Алайда, үйінде жиналмай қалып кеткен киімдер, орын-орнына қойылмай тұрған бұйымдар, жуылмай қалған ыдыстар жиі көрініс табады. Олардың үйде отыратын уақыттары өте аз. Көбіне шаруаларымен, қыдырумен сыртта жүреді. Сондықтан,


ТАУЕШКІ

Олар үйдің тазалығы мен реттілігіне аса бас қатыра бермейді. Бірақ, жұмыс орны, кеңсе тазалығын қатты қадағалайды. Өйткені көлденең жатқан жіп, көзге көрінер-көрінбес шаң, ретсіз түрған құрал-сайман, шашылып жатқан қағаздар – назарын әр жерге шашыратып, жұмыс жасауына мұрша бермейді.


СУҚҰЙҒЫШ

Су мен сабын, ысқыш пен шүберек алып күнде әр жерді жуа бермесе де, белгілі бір уақыт аралығында тазалық жұмыстарын жасап тұрады. Олар үшін үй іші, бұйымдар мен жиқаздар лас, шаң, кір болып тұрмаса болғаны. Анау-мынау заттардың орнынан жылжып кеткені, ретсіз тұрғаны мазасын қашыра қоймайды.


БАЛЫҚТАР

Олардың миында да, үйінде де, айналасында да кішігірім хаос. Тазалық Балықтар үшін жайлылық емес, бейберекет шашылған, ретсіз жерде өзін жайсыз сезінбейді. Тіпті, «шығармашылық топалаң» деген ұғым көбіне осы белгі иелеріне таныс әрі тән.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ