ҚИЫНДЫҚҚА тап болсаңыз, осы АҒАШ көмектеседі

0
3 831

Расында да әрбір ағаштың күшті биоөрісі болатыны ғылыми түрде дәлелденген.


ҚИЫНДЫҚҚА тап болсаңыз, осы АҒАШ көмектеседі

Адамзат осыған дейін ауру-сырқаулардың алдын алу және емдеу жолында түрлі әдістерді тауып, қолданып келеді. Солардың бірі – ағаштардың энергиясымен емдеу, ғылыми атауымен айтсақ, дендротерапия.


Расында да әрбір ағаштың күшті биоөрісі болатыны ғылыми түрде дәлелденген. Терек, қандыағаш және жабайы бөртегүлден басқа ағаштардың бәрінің дерлік емдік әсері бар.


Емдік әсері жағынан ағаштарды екі топқа бөледі: донор ағаш және тұтынушы ағаш.

Донор ағаштардың өз бойында жағымды энергия болады. Олар науқас адамның тұла бойын осы жағымды энергетикасымен толтырады. Біздің қоршаған ортамыздағы донор ағаштар: емен, қарағай, қайың, қараған, жөке, шетен, алма ағашы, шетен, үйеңкі, балқарағай, талшын, т.б.

Кей науқастарға керісінше, өз бойындағы жағымсыз энергетикадан арылу қажет болады. Осындайда тұтынушы ағаштар көмекке келеді. Олар науқастың бойындағы дерттің жағымсыз энергетикасын өз бойына тартып алады. Бір тұратын аймақта өсетін тұтынушы ағаштар: көктерек, шырша, майқарағай (самырсын), мойыл, қызылтал, долана, т.б.


Егер ағаштар терапиясынан өткіңіз келсе, өз жұлдызбелгіңізге сай түрін таңдаңыз. Сонда әсері арта түседі.

ТОҚТЫ – емен, қарағай, шырша, үйеңкі, қандыағаш, шетен, долана, орманжаңғақ.

ТОРПАҚ – емен, шетен, грек жаңғағы, қараған.

ЕГІЗДЕР – қайың, алма ағашы, алмұрт талы, үйеңкі, қараған, шаған, талшын.

ШАЯН – жөке, шырша, алма ағашы, үйеңкі, грек жаңғағы, қандыағаш.

АРЫСТАН – емен, қарағай, жөек, алма ағашы, сауырағаш.

БИКЕШ – емен, жөке, қарағай, алма ағашы және грек жаңғағы ағашы.

ТАРАЗЫ – қайың, жөке, емен, үйеңкі.

САРЫШАЯН – қарағай, талшын, үйеңкі, шетен, итмұрын, долана.

МЕРГЕН – қайың, қарағай, талшын, шаған, балқарағай (самырсын).

ТАУЕШКІ – қайың, шырша, шетен, алма ағашы.

СУҚҰЙҒЫШ – жөке, қарағай, шетен, талшын, балқарағай (самырсын).

БАЛЫҚТАР – қайың, қарағай, мойыл, көктерек.


Донор ағаштардан жағымды энергетика алу үшін 40-60 см арақашықтықта ағашқа арқаңызды беріп тұру керек. Көзіңізді жұмып, ойыңызды, бар назарды бір жерге жинақтап, іштей ағаштардан көмек сұраңыз.

Ал тұтынушы ағаштардың көмегімен жағымсыз энергетикадан арылғыңыз келсе, 20 см арақашықтықта ағашқа қарап тұрасыз. Ойша өзіңіздегі дертті, басыңыздағы мәселені, шешілмей жатқан түйінді немесе жай ғана сізге негативті әсер еткен жағдайларды ағашқа баяндаңыз.

Осылайша ағаштардың көмегімен бойдағы жағымсыз әсерлерден, реніштен, негативтен арылуға болады. Ағаш терапиясы жанды тыныштандырады, қан қысымын ретке келтіріп, зат алмасуды жақсартады, бас ауруынан айықтырады, жүрек жұмысын жақсартады және біршама ауру-сырқауларға душар болу қаупін азайтады.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Бір-біріне ҚАТТЫ ҰҚСАЙТЫН ЖҰЛДЫЗДАР кімдер?