​Күйеуіңіз махаббатын көрсетпей ме? Өзіңіз байқамай жүрген шығарсыз...

0
3 078

Барлық ер-азаматтар «сүйем-күйем» деп айта бермейді. Бәрі бірдей гүл сыйлағыш емес. Әркім махаббатын өзінше білдіреді...


​Күйеуіңіз махаббатын көрсетпей ме? Өзіңіз байқамай жүрген шығарсыз...

Қыз-келіншектердің көбінің екінші жартысынан күтетіні – көңілін, сезімін білдіруі. «Романтик емес», «жылы сөз айтпайды», «гүл дегенді көрмегенбіз»... осы секілді реніштер де орын алып жатады. Алайда барлық ер-азаматтың сезім білдіру әрекеті бірдей болмайды. Әркім көңілін түрлі жолмен білдіреді. Жай ғана сіз оны байқамай, білмей жүрген болуыңыз мүмкін.


ТОҚТЫ

-телефон нөміріңізді ерекше атпен сақтап қояды;

-қандай ауыр күн болса да, қаншалықты шаршап тұрса да, сізге уақыт бөледі;

-гүл сыйламайды, бірақ қажетті заттарыңызды әперуден ешқашан бас тартқан емес;

-айтарыңызды уақыт бөліп, ден қойып тыңдайды;

-барлық жағдайда сізді қорғайды.


ТОРПАҚ

-сізден сыр жасырмайды, бәрімен бөліседі;

-сыйлық пен мақтау сөзге келгенде асқан жомарт;

-бос уақытының көбін сізбен өткізеді;

-ойларыңыз бір жерден шықпаса да, дауласпайды;

-оның жанында өзіңізді бақытты сезінуіңізге жағдай жасайды;

-өзінің тек жақсы жақтарын көрсетуге тырысады.


ЕГІЗДЕР

-таңғы ас дайындап береді;

-таңертең қоңырау шалып, ұйқыдан уақытылы тұруыңызды қадағалайды;

-ауа райына сай киінгеніңізді тексеріп отырады;

-кейде қызғанышы шектен шығып кетеді;

-әр күні, әр сағатта жанында болғаныңызды қалайды;

-сізді түсінде көргенін айтып береді.


ШАЯН

-ішкі әлемінде не боп жатқанымен үнемі бөліседі;

-жылы сөздер жазылған тілдей қағаз не смс-хат жиі жолдап тұрады;

-көп жағдайда таңдауды сізге қалдырады;

-түрлі эмоциялар сыйлауға тырысады;

-екеуіңіздің болашағыңыз жайлы жиі армандайды.


АРЫСТАН

-ерекше іс-әрекеттерімен таң қалдыруға тырысады;

-қатты қызғанады;

-жаныңызда болғанда қысыла қызарып, қымсына жымия береді;

-бірінші кезекте достарымен таныстырады;

-көңіл бөлуден, қамқорлықтан кенде қалдырмайды.


БИКЕШ

-өз қолымен жасаған бұйымдар сыйлайды;

-әрқашан қолдауға, тыңдауға және көмекке дайын;

-әдемі, жылы сөздер айтпайды, олардың орнына махаббатын іспен көрсеткенді жөн көреді;

-ауырып қалсаңыз, алғашқы жәрдемді сол береді;

-сіздің айналаңызға (дос, туыс, т.с.с.) ұнауға тырысады.

ТАРАЗЫ

-романтикалық қадам, көңілді сауық кеші, екеуара оңаша уақыт өткізуді шебер ұйымдастырады;

-сезімін білдіретін сұлу сөздерге толы смс, хабарламалар жиі жолдайды;

-екеуіңіздің болашағыңызға қатысты шынайы, ауқымды жоспар құрады;

-болашақ отбасы, балалар туралы армандарымен бөліседі.


САРЫШАЯН

-қызғанышын білдіреді;

-күні бойы не істегеніңіз, қайда барғаныңыз, кіммен не туралы сөйлескеніңіз – бәрі қызық, бәрін сұрайды;

-маңызды шешімдерді қабылдауға көмектеседі немесе сіз үшін бәрін шешіп қояды;

-сізде бәрінің ең жақсысы болғанын қалайды.


МЕРГЕН

-махаббатын сөзбен де ашық жеткізе алады, ісімен де дәлелдейді;

-еркіндікті жоғары бағалайтындықтан, өз бостандығына қол сұққызбайды, сізді де қысымға алмайды. Өз уақытыңыз, өз қызығушылығыңыз, ортақ ойлы дос-пікірлестеріңіздің болуына, олармен араласуыңызға мүмкіндік береді;

-көп сөйлеп, әзіл-қалжыңмен көңіліңізді аулауға тырысады;

-өзінің ақылы мен көрегендігін дәлелдеуге барын салады.


ТАУЕШКІ

-кез келген ортақ тақырыпта пікіріңізді сұрап, ақылдасып отырады, ойыңызбен санасады;

-болашақ жайлы ойыңызды, жоспарларыңызды тыңдайды, қабылдайды, өз жоспарымен сәйкестендіріп, ортақ шешім шығарады;

-іштей сізді сүйіп, елжіреп тұрса да, сезімін сыртқа білдірмейді, сондықтан, суық, салқын деп ренжудің қажеті жоқ.


СУҚҰЙҒЫШ

-өмірде өте көңілді, ақкөңіл, барлық нәрсеге жеңіл қарайтын адам болғанымен, махаббатқа келгенде байсалды әрі салқынқанды. Сондықтан, сізге кейінгі айтылғандай қарым-қатынас ұстанса, онысына ренжудің еш қажеті жоқ, керісінше, шын сезімі деп қабылдаңыз;

-сүйген адамынан көңілі қалса, оған ренжіп біраз күн сөйлемей қояды;

-сізбен досы, сенімді серігі ретінде сырласқысы келеді.


БАЛЫҚТАР

-сізге шексіз сенім артады әрі шектен тыс талапшылдық танытады;

-жылы сөздер мен сезімге молынан шомылдырады;

-өмірлік серігім деп таныған кісіге шексіз сенім артып, отбасында бірінші болу, көшбасшылық құқығын еш қиналмай табыстайды.

Егер еріңізден өз жұлдызына сәйкес осында аталған іс-әрекеттерді байқасаңыз, бұл оның сізге деген махаббатының айғағы деп біліңіз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Балаңызды қалай тәрбиелеу керек? Нумерологтар былай бағыт береді