Сүреңсіз, салқын күз басталды дегенше, көңілсіз күндер де басталады. Жылы үйден, жамылғы астынан шыққың келмейтін «жаурауық», жабырқау күй билейді. Осы қалып қыс бойына жалғасып, көктемге дейін жетеді.
Бірақ, бұл уақытты еш пайдасыз, әрекетсіз өткізбеңіз. Дамуыңызға не уақытты жақсы өткізуге ықпал ететін хобби тауып алыңыз. Ең тиімді нұсқа ретінде, бірінші кезекте, өз жұлдыз белгіңізге сай келетінін байқап көруге кеңес береміз.
ТОҚТЫ
Кітап оқуды қолға алыңыз. Жай ғана оқып қоймай, кітапсүйер бір жанды не топты тауып алып, өзара талдау-талқылау жасаңыздар. Оқыған, білгеніңізбен бөлісе жүріңіз. Сондай-ақ, біраз уақытыңызды ас бөлмеде өткізіп, жаңа дәм түрлерін дайындауды үйренген де артық болмайды.
ТОРПАҚ
Дәмді тамақтанғанды, жаңа асты татып көргенді жақсы көресіз ғой. Қазіргі уақытта дәмхана-мейрамханаларға баруды бұрынғыдан сиретсеңіз, бұл көңіл-күйіңізге кері әсер етеді. Бірақ оның орнын асүйде өз мәзіріңізді дайындаумен алмастыра аласыз. Дайындау барысынан, ерекше етіп әрлеуден және өзіңізді, отбасы мүшелеріңізді тіл үйірер тағаммен тамсандырудан ләззат алыңыз.
ЕГІЗДЕР
Күрделі конструктор, робот-техника құрастыратын бөлшектер немесе басқа да шашылып, қайта жиналатын құрылымдаушылар – сіздің ең жақын досыңызға айналсын. Тіпті болмағанда үйдегі бір затты, техниканы бөлшектеп, қайта құрастырып көріңіз. Уақыттың қалай тез, қызықты өткенін, миыңыздың қаншалықты жаттығып, ширағанын соңыра байқап, риза боласыз.
ШАЯН
Үй ішін жинауды, реттеуді, тәртіпке келтіруді, сәндеуді жақсы көресіз ғой. Осыған дейін уақыт таппай жүрген осындай шаруаларға енді алаңсыз кірісуге болады. Мұндай істер миыңыз бен жаныңызды медитация жасағаннан да артық тыныштандырады, тынықтырады. Әрі тұрмыс үшін, әрі көңіл-күй үшін де өте пайдалы.
АРЫСТАН
Қандай іспен айналыссаңыз да, сіз үшін ең бастысы – бәсекелес. Сайысатын, жарысатын жан болмаса, басын бастап, соңын аяқсыз қалдырып кете бересіз. Сондықтан, хоббиді бастамас бұрын осы істі сізбен қатар жасайтын, кейін нәтижесін салыстырып отыратын біреуді табыңыз.
БИКЕШ
Жұмыс күндерінің соңында бар шаршауды, негативті ән айтумен, билеумен шығарғанды ұнатасыз. Караоке-бар, би алаңынан жиі бой көрсететініңіз сондықтан. Мұндай істі үйде де ұйымдастыруға болады. Бар керегі – әуен ойнатқыш немесе караоке құрылғы. Қазіргі уақытта теледидар да жарайды. Керегіңізді түгелдеп алыңыз да, отбасыңызбен бірге концерт қойып, би кештерін өткізе беріңіз.
ТАРАЗЫ
Осыған дейін онлайн дүкендердің қызметін пайдаланып көрдіңіз бе? Енді оларды таңнан кешке дейін армансыз «аралауды» күнделікті әдетке айналдырсаңыз да болады. Ештеңе сатып алудың қажеті жоқ. Жай ғана өзіңіз қалаған, көңіліңіз соққан, көптен ұнатып не қолыңыз жетпей жүрген заттардың саудасын ғаламтор арқылы бақылаңыз. Осының өзі сізге үлкен ләззат, демалыс сыйлайды.
САРЫШАЯН
Жай ғана тыныштықта оңаша уақыт өткізуді жақсы көресіз. Осы уақытты медитация жасауға, йогамен не пилатеспен айналысуға жұмсасаңыз, тіпті керемет болар еді.
МЕРГЕН
Бір іспен айналысып әрі одан ләззат алып, тыныққыңыз келсе, оңаша уақыт табыңыз да, шығармашылықпен айналысыңыз. Мүмкін бұл жай ғана ешкім естімеген әуенді ыңылдау болар, жаңа ән үйрену, ойыңызды, қиялдағы бейнені қағазға түсіру... Қолөнермен айналысқыңыз келсе, оған да тоқтау қоймаңыз. Бір сөзбен айтқанда, ойыңызға не келеді, соны жасаңыз.
ТАУЕШКІ
Тауешкілер үшін күз бен қыстың салқын кештерінде жылы жамылғы астында фильм қараудан артық демалыс жоқ шығар. Олар фильмді жай қарап қоймайды, әр оқиға мен айтылған сөздің астарынан терең мағына іздейді, актерлардың әрбір мимикасын, рөлді сомдаудағы шеберлігін зерттейді. Туындының тарихы да назарынан тыс қалмайды. Осының бәрін қоса алғанда кино өнері турасындағы үлкен бір зерттеу жұмысын жүргізгендей еңбек жұмсалады.
СУҚҰЙҒЫШ
Кроссворд, сканворд, басқатырғыштар мен жұмбақтар, викториналық сұрақтар, бейнеойындар сізге ең жақсы серік. Дұрыс жауабын табу жолындағы ізденіс әрі миыңызды жаттықтырады, әрі жаңа білім аласыз, әрі демаласыз.
БАЛЫҚТАР
Белгі иелері табиғатынан көпшіл жандар. Көпшілік шоғырланған ортаны, адамдармен араласқанды, пікір алмасқанды жақсы көреді. Күз бен қыстың суық кештерін үйде өткізуге тура келсе, әңгіме-дүкен құратын мүдделес, пікірлес жандарды түрлі форумдар, желідегі топтардан таба аласыз.
Аударған: А.Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: