Болжам сәйкес келе ме?
ТОҚТЫ
Сізге көшенің бұзық баласының рөлі бұйырар еді. Қыз болсаңыз да, ер балалармен бірге өскен, шалбарланып алып, шікірейіп жүретін, шәлкес мінезді кейіпкерді сомдар едіңіз. Ер жігіттердің заттарына қызығып, төбелес болса, тыныш тұра алмайтын, ерлерше ойлайтын қырларыңыз бар екенін мойындайсыз ғой?
ТОРПАҚ
Күш пен тиімді ойлау жүйеснің иесі. Сондықтан, өмірлік сценарийдегі бұйырған рөлі – мәселе шешуші. Өзгелердің де, өзінің де күрмеуі қиын түйінін бір сәтте тарқатып бере алады.
ЕГІЗДЕР
Жүрген жеріне шөп шықпайтын, керісінше, мәселе туындатып, жағдайды қиындатып жүретін кейіпкер. «Өмір» атты спектакльде шиеленіс тудырушы, мәселені шарықтау шегіне жеткізуші рөлін керемет сомдайды.
ШАЯН
Өз перзентінің ғана емес, өзгенің баласының да, тіпті бүкіл қоғамның қамын ойлайтын қамқор ана. Әлсізге әлімжеттік көрсетушіні қатаң жазалаушы, әділет орнатушы. Тәртіпке бағынбағанды тезге салушы.
АРЫСТАН
Бәрін бір өзі билеп-төстегісі келетін, мансапқұмар кейіпкерді сомдайды. Үнемі көп нірсені қажет етіп, биіктерге ұмтылатындықтан, қауіп-қатер үстінде жүреді. Қауіпті, алайда оқиға желісінің қызық болуы үшін маңызды рөл атқарады.
БИКЕШ
Ұлы әйел жауынгер. Қалауына қол жеткізу үшін өз болмысынан аттап, қар-жарақ асынып, жауға қарсы шабуға дайын. Бұл жолда, тіпті, бас кесу қажет болса, одан да тайынбайды. Алайда, көбіне адамзат игілігін күйттейді.
ТАРАЗЫ
Үнемі басына күн туып қалатын, өз қолынан ештеңе клемей, өзгеден көмек күтетін ханшайым. Нәзік әрі қатал өмірге икемсіз. Соған қарамастан, басында бәрі бар – байлық, атақ, сұлулық. Оқиға соңында ханзаданың сүйгеніне айналып, бақытқа қол жеткізетін де осы кейіпкер.
САРЫШАЯН
Айналасындағылар қызыға қарайтын, еліктеп бағатын, жетістік пен табыстың құлағын қатар ұстаған мықты тұлға. Әдетте, басшылық қызметті атқаратын, қатаң талап пен принципке толы, шекарасы айқын сызылған өмірді сүретін кейіпкер.
МЕРГЕН
Әр фильмде ақыл-кеңесін аямайтын және оның айтқаны үнемі дұрыс болып шығатын бір құрбы жүреді. Сол құрбының рөлін Мергендер сомдайды. Оларды ешкім көзге іле бермейді, құлай ғашық болмайды, негізгі оқиға желісіне да қатты қатысы жоқ. Сөйте тұра, дәл соның ақылы бар түйінді тиімді шешуге көмектеседі.
ТАУЕШКІ
Қолында билігі бар, қатал да қатыгез кейіпкер. Жаза басқанды оңдырмай жазалайды. Әйтсе де, іштей жүрегі жұмсақ. Кімге көмек қажет болса, соның жанынан табылып, қолдау көрсетеді, қиындықтан құтқарады.
СУҚҰЙҒЫШ
«Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын», қан-жоса боп жатса да өлмей, фильмнің соңына дейін жететін кейіпкер. Қандай жағдайдан болмасын аман-сау әрі таза шығады.
БАЛЫҚТАР
Алыстағыны көретін, сезетін, алдын-ала білетін кемеңгер, данагөй ақсақал немесе абыз ана. Ол қауіп-қатердің алдын алуға тысырады, адамдарға ескертеді. Бірақ, оның сөзі көбіне елеусіз-ескерусіз қалады да, ақыр аяғында айтқаны айдай келеді. Тыңдамағандардың таудай мәселемен күресуіне тура келеді.
Жұлдызнамада айтылған кейіпкердің сипаты мен өмірдегі өз іс-әрекетіңіз, бет-бейнеңіз сәйкес келе ме?
Аударған: А.Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: