Сіз бұған ТӘУЕЛДІСІЗ! Мен де... Ол да...

0
3 697

Бәрімізді құрсауына қысып, бұғауына байлап ұстап тұрған не нәрсе?


Сіз бұған ТӘУЕЛДІСІЗ! Мен де... Ол да...

ТОҚТЫ

Сіз құмарлықтың құрсауындасыз. Мойындау қиын шығар, бірақ, шыны сол. Құмар ойындар, зянды әдеттер, басқа да ерекше қызығушылығыңыз оянған кез келген нәрсеге кіріптар болуыңыз өте тез. Қызығушылық оңайлықпен басылмайды, керісінше арта түсіп, аз күнде соңына түсіп кетуіңіз әбден мүмкін. Сондықтан сақтық керек.


ТОРПАҚ

Сіздің басты тәуелділігіңіз – жайлылық. Аз ғана ыңғайсыздық тудырған болмашы нәрсенің өзі терең күйзеліске түсіреді. Өзіңізді түрлі қиын жағдайларға түсіріп, қандай жағдай болмасын, құрғақ та бүтін шығуға шынықтырғаныңыз жөн шығар.


ЕГІЗДЕР

Белгі иелерінің басты қорқынышы – жалғыздық, тәуелділігі – адамдар. «Бір күні бүкіл әлемде жалғыз қалсам, қайтем?» деген ойдың өзінен зәресі зәр түбіне кетеді. Жанында сөйлесетін, сырласатын, бірге уақыт өткізетін адам болмаса, Егіздер үшін бәрі бекер. Адам бұл өмірге жалғыз келіп, жалғыз кететінін ұмытпаған жөн болар.


ШАЯН

Жақындарының жанында болғанына, ол аздай, сезімдерін білдіріп, эмоцияларын көрсеткеніне кіріптар. Не туысы, не досы жылы сөзін айтпай, махаббатын, достығын білдірмей қойса, Шаян үшін өмірдің мәні қалмайды. Біреуден бірдеңе қаламастан бұрын өзіңнің сол нәрсені бірінші болып беруің керек екенін есте ұстаңыз.


АРЫСТАН

Өзгелердің бағасына, мойындауына, мақтау-мадақтауына бағынышты. Біраз уақыт назарға ілікпей қалса, сағы сынып, күйзеліске түседі.


БИКЕШ

Бикештер жаңа ақпаратқа ауадай зәру. Көзіне түскен жазуды оқып, құлағына шалынған әңгімені тыңдай кетпесе, күніне құрығанда бір жаңа нәрсе білмесе, арқасы құрысады. Бір жақсысы, осындай жаңа білімге тәуелділік оларды дамуға жетелейді. Жаманы, кейде өзіне керек емес артық нәрселермен ой-санасы шарасынан асады.

ТАРАЗЫ

Ғашықтық қанатында, махаббаттың шырмауында жүргенді ұнататын, сезімге тәуелді жандар. Өзін жақсы көрмейтіндерге де ұнауға тырысып бағады. Ал жақсы көретіндер үшін барын беруге дайын. Бәрі де жауап ретінде берілетін сәл ғана сезім, жүрек жылуы, сұлу сөз үшін.


САРЫШАЯН

Дүние-мүлік, атақ-абыройға тәуелді. Біреу ескертіп, тәубесіне келтіріп, бетін бері бұрып отырмаса, ақшаның құлы боп кетуге бар. Осы тәуелділіктің салдарынан айналасында дос-жараны аз, ағайын-туысы алыс.


МЕРГЕН

Тәуелсіздікке тәуелділік дегенді қалай түсінесіз? Жаңылтпаш боп кетті ме? Қиын ұғым болса да, Мергенді жақсы танысаңыз, оңай ұғасыз. Белгі иелері өзінің бостандығын, еркіндігін өте жоғары қояды. Еркіндігіне сәл ғана шектеу қойылса бітті, торға түскен торғайдай шырылдап, қанаты қырқылған құстай қауқарсыз күйге түседі.


ТАУЕШКІ

Көпшіліктің пікіріне бағынышты. Өзі туралы бір де бір адамның жаман ойда болып, артық пікір айтқанын қаламайды. Сондықтан жұрттың айтқанымен жүруге бейім. Сырт көзге керемет боп көрінуге барын салады.


СУҚҰЙҒЫШ

Өзінің де, өзгенің де басын қауіп-қатерге тігіп жүреді. Ең қиын, ең қауіпті деген жерлерден көп көресіз. Себебі адреналинге, эмоциялар ағынына зәру.


БАЛЫҚТАР

Олар үшін өмір сүру – эмоцияларды сезіну. Аяқ астынан өзін қуантқысы кеп кетсе, ол үшін бәрін жасайды. Кейде жай ғана жылағысы келіп мұңды әуен тыңдайды, көркем шығарма оқиды, аянышты кино тамашалайды. Бір сөзбен айтқанда, қандай эмоцияны сезінгісі келеді, соған сай жағдайды өзі жасап алады.

Аударған: А.Бектұрған,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


ҰМЫТШАҚТЫҚ сізге қандай ЗИЯНЫН тигізіп жүр?