Сіз қандай АНАСЫЗ? Ол қандай ӘКЕ болады?

0
2 827

Қандай ана, әке болатыныңызды астрологтар жұлдызбелгіңізге қарап жорамалдай алады.


Сіз қандай АНАСЫЗ? Ол қандай ӘКЕ болады?

Білікті маман, жақсы адам, сүйікті перзент болу – бір бөлек. Кімнің де болмасын басты мақсаттарының бірі – жақсы ана, жақсы әке болу. Осы жағын назардан тыс қалдырып жүрген жоқсыз ба? Өзіңіздің қандай ата-ана бола алғаныңызға баға беріп көріңізші.

Көмек керек болса, қазір немесе болашақта қандай ана, әке болатыныңызды астрологтар жұлдызбелгіңізге қарап жорамалдай алады.


ТОҚТЫ

Балаларды жақсы көреді, жақсы түсінеді, дос та, кеңесші де бола алады. Кез келгенінің жүрегін жаулау қолынан келеді. Өз баласы олар үшін мінсіз, үнемі мақтан тұтады. Тоқты-аналар баланың тәртіпке бағынуын бірінші орынға қояды. Ал Тоқты-әкелер баласымен бірге өткен уақытын мән-мағынаға, қызыққа толтырудың шебері.


ТОРПАҚ

Торпақ-әкелер өз бойындағы жақы қасиеттердің бәрін баласының да бойынан көргісі келеді. Балаға көп уақыт бөледі, сәйкесінше көп нәрсе талап етеді. Ал Торпақ-аналар баласын бар керегімен қамтамасыз етемін, ешкімнен кем қылмаймын деп талпынады. Мұнысы шектемесе, ұл-қызы дүниеқоңыз жанға айналуы мүмкін.


ЕГІЗДЕР

Егіздерге бала тәрбиесінде көбіне қатаңдық, талап ету жетіспей жатады. Сол себепті ата-ана болу олар үшін ауыр жауапкершілік. Өзін аз да болса жеңіл сезіну үшін балаларына сенім артып, оларды өзімен тең көруге, ересек адамдарша қатынас жасауға тырысады. Көп жағдайға баланың өзін жауапті етіп қояды.


ШАЯН

Жүрегі махаббат пен мейірімге толы, төзімді, сабырлы, баланың кез келген мәселесін құнсыздандырмай, мән беретін, тиісінше уақыт пен көңіл бөле алатын, бір сөзбен айтқанда – мінсіз ана, кемшіліксіз әке.


АРЫСТАН

Перзенттерін барлық кемшіліктері мен мінезіндегі минустарымен қабылдай алатын, ештеңеге қарамастан, шартсыз жақсы көретін ата-ана. Балаларды тыңдата алады, өзін сыйлата алады және кішкентайлардың жоғары бағасына ие.


БИКЕШ

Ештеңеге жеңіл-желпі қарай алмайтын, бәрін саналы түрде сараптайтын Бикештер үшін ата-ана болу – асқан жауапкершілік. Балаға қатысты ұсақ-түйек нәрсенің бәрі оларға үлкен проблема. Әсіресе, балалардың тәртіпке бағынуын, пайдалы әдеттер қалыптастыруын бірінші орынға қояды, қатаң талап етеді.

ТАРАЗЫ

Балаларды құрметтеп, оларды әріптес, досындай көру арқылы тәрбиелейді. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас бұйрық беру-бағыну, айту-тыңдау, тапсырма беру-орындау формасында емес, гармонияға толы болуы керек деп есептейді.


САРЫШАЯН

Әдетте үлкен, көпбалалы отбасы болады. Алайда, ата-ана мен бала арасындағы махаббатпен құрылған, адамгершілікке, сыйластыққа негізделген қатынасты орнату қиынға соғады. Көбіне өздерін билеуші, басқарушы рөлінде көреді.


МЕРГЕН

Жасөспірімдермен жақсы тіл табысады. Ата-аналық міндетін атқарудан қиналмайды. Балаларға келгенде өте қонақжай, көршілердің бар баласы Мерген ата-аналардың үйін айналшықтап жүреді.


ТАУЕШКІ

Талап, тәртіп – бала тәрбиесіндегі басты ұстанымы. Отбасылық жиналыс жасағанды жақсы көреді, ата-баба тәжірибесіне негізделген тәлім-тәрбие қағидаларын ұстанады.


СУҚҰЙҒЫШ

Көкірек көзі ояу, көңіл көкжиегі кең Суқұйғыштар балаларын да солай үйретеді. Баланың асты-үстіне түсіп өбектемейді, оларға сенім арта алады, қателесуіне, қатесін түзеуіне мүмкіндік береді. Отбасында түсіністік, достық қарым-қатынасты берік орната алады.


БАЛЫҚТАР

Бала десе ішкен асын жерге қояды, кішкентай бұзықтың бар айтқанын орындайды. Өз балалық шағында қалып қойған армандарын баласына орындап береді. Бір сөзбен айтқанда, балаға тәрбиеден басқаның бәрін береді.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ҚИЫН СӘТТЕ қасыңызда ҚАЙ ДОСЫҢЫЗ қалады?