СІЗ қандай ЖҮРГІЗУШІСІЗ?

0
4 100

Көлік айдайтындардың да мінездемесі бар...


СІЗ қандай ЖҮРГІЗУШІСІЗ?

Өмірде біреуді танимын дегенмен, ол көлік тізгініне отырғанда танымай қалуыңыз әбден мүмкін. (Бұрын мұндайды байқаған ба едіңіз?) Өйткені, әркімнің көлікке қатысты талғамы әртүрлі. Арманындағы көлікке отырғанда бойына қанат біткендей боп, өзгеше күй кешетіндіктен, мінез-құлқы, іс-әрекеті де аздап өзгеріске ұшырайды екен.


ТОҚТЫ

Олардың көлігіне абайлап отыру керек. Себебі белгі иелері көлік рөлін эмоция, адреналин шығаратын орын санайды. Еркіндікті, күш-қуатты сезіну үшін жоғары жылдамдыққа жиі жол береді. Әйткенмен көлік салонының тазалығына, жайлылығына сөз жоқ.


ТОРПАҚ

Өте кірпияз адам, сондықтан көпшілікпен бірге қоғамдық көлікпен қатынауды жаратпайды. Жеке көлікке қол жеткізсе, барынша ұқыпты, мұқият айдайды. Алайда анда-санда ұстап қалатын қырсықтығы бар. Сондайда жол ережесін бұзып қауіп-қатерге бас тігетіні бар.


ЕГІЗДЕР

Егіздердің ішкі энергиясы – ауа, жел, құйын, тіпті кейде дауыл. Көлікті де осы энергиясының деңгейіне қарай жүргізеді. Кейде самал желдей жаймен еседі, кейде құйындатып-дауылдатады. Бір жақсысы, қатты жылдамдықпен жүргенде айыппұл төлегені болмаса, жол қозғалысына кедергі келтіре қоймайтын шебер жүргізуші.


ШАЯН

Жол үстінде өте ұқыпты, межелі жерге асықпай жететін жүргізуші. Алайда кез келген болмашыға тез ашуланып кететіні бар. Қатты ашу қысқанда айналасындағы көлік иелеріне, жаяу жүргіншілерге айқайлаумен болады. Сөйте тұра өз көлігіндегі жолаушылардың жағдайын, қауіпсіздігін ойлауды да ұмытпай, барынша жайлы, жұмсақ, ережеге сай жүргізеді.


АРЫСТАН

Іші былай тұрсын, сырты айнадай таза, ұқыпты, бұзылып, сынып тұрған бір жері байқалмайды. Бұл – Арыстанның көлігі. Жаңа маркалы қымбаты болсын, жылдар бойы мініліп, ескіргені болсын, бәрібір. Арыстан қандай болса да өз көлігін мұнтаздай етіп ұстайды. Жол ережесін беске біледі, бұзбауға барынша тырысады. Жолаушыларының қауіпсіздігі үшін өзінің эмоционалды қалпының маңызды екенін де жақсы түсінеді.


БИКЕШ

Белгі иелері үшін көлік басқарудың маңызы ел басқарудан кем түспейді. Жүргізушінің мойнында үлкен жауапкершілік барын жете түсінеді. Сондықтан да жол ережесін үтір-нүктесіне дейін жаттап, өзгелерге де үйретіп жүреді. Қауіпсіздік белдігі тағулы, дәрі қобдишасы қамтылған, қосалқы дөңгелек бар, құжаттары да түп-түгел. Онымен жол жүрсеңіз, ештеңені уайымдамауға болады.

ТАРАЗЫ

Жалпы өмірде олар салмақты, ұстамды жандар. Алайда көлік рөлінде арман-қиял жетегіне еріп кете береді. Содан ойы шашыраңқы, назарын бір нәрсеге шоғырландыру қиын болуы мүмкін. Салдарынан жол-көлік оқиғасына жиі ұшырап жатады.


САРЫШАЯН

Соңғы үлгідегі қымбат көлік айдағанды жақсы көреді. Ұнатқанына қол жеткізу үшін барын салады. Армандап жүріп, үлкен еңбекпен алған автосын балаша мәпелегені былай тұрсын, жүрген жерінде аузынан тастамай айтып, мақтанып жүреді. Сондықтан Сарышаянның көлігіне отырар болсаңыз, жол бойы өзі мен көлігі жайлы одасын тыңдауға дайын болыңыз.


МЕРГЕН

Көлікпен ұзақ сапарға шыққанды жақсы көреді. Бір жаманы, ұзақ жолдан іші пысады. Одан да жаманы, зеріккеннен жол үстінде телефон қарап кетуі әбден мүмкін. Сондықтан көлік жүргізушіңіз Мерген болса, қызықты әңгімеңізден айта отырыңыз.


ТАУЕШКІ

Өмірде есепке мықты, іскер, шешім қабылдауға шебер белгі иелері көлік рөліне отырғанда осы қасиеттерінің біразын таппай қалады. Өз-өзінен абыржып, жолдан адасып, қажет жерден бұрылмай, кейде бағдаршамға тоқтауды ұмытып, жол ережесін жиі бұзады.


СУҚҰЙҒЫШ

Көлік тізгінінде байсалды, есебі мықты жүргізуші бола алады. Өзгелермен жарысып не жолға таласып тәуекелге бас тікпейді. Жол-көлік оқиғаларының көбі жүргізушінің айналасына дұрыс назар аудармағандығынан болатынын жақсы түсінеді. Сондықтан өзі рөлде отырғанда өте сақ, бар зейіні жол қозғалысында.


БАЛЫҚТАР

Балықтар – аса сенімді жүргізуші емес. Оған зейінін бір нәрсеге шоғырландыра алмауы айыпты. Осынысын білгеннен болар, көпшілігі көлікті өте баяу айдайды. Белгі иелеріне жол қозғалысына, көлікті басқаруға бойын үйрету үшін біраз уақыт керек.

Аударған: А.Бектұрған,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Сіз бұған ТӘУЕЛДІСІЗ! Мен де... Ол да...