​СІЗДІҢ адамдарға ең қатты ҰНАЙТЫН ҚАСИЕТІҢІЗ

0
4 222

Өз бойыңыздағы жақсы қасиеттердің ең басым түсетіні қайсы екенін білесіз бе?


​СІЗДІҢ адамдарға ең қатты ҰНАЙТЫН ҚАСИЕТІҢІЗ

Жаратылыс мінез бен қабілетті әркімге әртүрлі етіп әрі түрлі мөлшерде береді. Оның ішінде жақсысы мен жаманы, артықшылығы мен кемшілігі қатар жүреді. Жаман қасиеттермен, мінезбен күресу керек, жою қажет деп жатады. Алайда, бойыңызға берілген бір нәрсені жойсаңыз, орны ойсырап қалатыны тағы бар. Олай болмауы үшін өзіңіздің жақсы қырыңызды, артықшылығыңызды одан әрі дамыту керек. Сонда жаман қасиеттерге орын аз қалып, қысылып-қымтырылғаннан өзі де азая бастайды екен.


Өз бойыңыздағы жақсы қасиеттердің ең басым түсетіні қайсы екенін білесіз бе? Білмесеңіз, айналаңыздағы адамдар немесе астрология көмектеседі. Екеуінің де айтар жауабы біреу: өзгелерге ең қатты ұнайтын қырыңыз – сіздің ең басым қасиетіңіз.


ТОҚТЫ – батылдық, мықтылық, ерік-жігер күші.

ТОРПАҚ – сабырлылық, салқынқандылық.

ЕГІЗДЕР – адамдардың тілін таба біледі, әңгімеге тарта алады, қызықты сұхбаттас.

ШАЯН – өте қамқор, адамдарға бақыт пен қуаныш сыйлай біледі.

АРЫСТАН – адал, шынайы, жан жолдасына ешқашан жарты жолда қалдырмайды.

БИКЕШ – оқығаны мен көкейге тоқығаны көп, қай кезде де ақыл-кеңес беруге, білгенімен бөлісуге, жол көрсетіп, жөн сілтеуге дайын.

ТАРАЗЫ – досқа адал, мейірімді, сұрағанға соңғы тиынын ұстатып жібере алатын жомарт.

САРЫШАЯН – өмірдің әр сәтінен сабақ алып, әр сынақты тәжірибе ретінде көретін кемеңгер, өте құнды ақпараттар айта алады.

МЕРГЕН – өте ашық, ештеңені қиындатпайды, тіпті ең ауыр деген тақырыптарды онымен оңай талқылай аласың.

ТАУЕШКІ – өте тәртіпті және жауапкершілігі жоғары, өз айналасындағы адамдар үшін сенімді терк, қорған.

СУҚҰЙҒЫШ – ойлау қабілеті өте жоғары, небір үш ұйықтаса түске кірмейтін тиімді идеялар тудырушы.

БАЛЫҚТАР – жағымды, тартымды, қиындыққа тап болғандарға лайықты қолдау көрсете алады.

Өз белгіңізге сай көрсетілген қырыңызды одан әрі дамытып, өзіңізге, айналадағы адамдарға, әлемге пайдалы қызмет ету жолына жұмсаған жөн.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

КӨЛІК НӨМІРІ арқылы НЕ "АЙТҚЫСЫ" келеді?