Таңғы сегізде туғандар атаққа қызықпайды - Қай сағатта дүниеге келдіңіз?

0
2 187

Мінезіңіз де соған сай қалыптасады.


Таңғы сегізде туғандар атаққа қызықпайды - Қай сағатта дүниеге келдіңіз?

фото: bartsharp.com

Адамның мінез-құлқы мен өміріне қай жұлдыз аясында туғаны ғана әсер етпейді. Тәуліктің қай бөлігінде дүниеге келгенінің де ықпалы бар. Бір жұлдыз белгісі аясында отызға тарта күн болса, бір тәулікте төрт қана мезгіл бар. Сондықтан, болжамның осы түрі неғұрлым нақтырақ ақпарат беретін көрінеді. Мұны да байқап көрелік. Расында да өзіңізді тауып, танып қаларсыз.


Таңертең

6 мен 8-дің арасы: бұл уақыт аралығында туғандар жұрттың назарында болғанды ұнатады. Әр ісі үшін қолдау мен құптау күтеді. Ортада көбіне көшбасшы немесе беделді тұлға болады.

8.00-10.00 аралығы: атақ пен көпшіліктің құрметіне қызықпайтын кісілер. Өте сезімтал, көп уақытын оңаша, өзін-өзі танумен өткізгенді ұнатады. Өзін таппай, адасып жүрген жандарға ішкі гармониясын табуға көмектескісі келіп тұрады.

10.00-12.00 аралығы: нағыз ортаның адамы. Ойы мен көзқарасы ортақ көпшілікпен етене араласқанды жаны сүйеді. Адамдармен оңай тіл табысқыш, достасқыш. Бір өкініштісі, осындай ашық-жарқындығын арам пиғыkмен пайдаланып кеткісі келетіндер көп кездеседі.


Күндіз

12.00-14.00 аралығы: өзіне не керегін жақсы біледі, амбицияға толы, жауапкершілік арқалай алады, табысты. Әрдайым ең қиын тапсырмаға қол созады, оны абыроймен атқарып та шығады. Осылайша өзгелерді тамсандырғанды ұнатады.

14.00-16.00 аралығы: жаңаны білуге, көкейінде туған әрбір сұрақтың жауабын табуға құштар. Бірсарынды өмірден тез жалығады. Барлық ортада белсенді, іскер.

16.00-18.00 аралығы: энергия мен позитивке толы, өмірдің тылсым сырларын білуге әркез құштар жан. Жеке өмірі мен мәселелерін бөліскенді жөн санамайды. Қиналғанын да ешкімге білдірмейді. Осының салдарынан адамдармен тіл табысып, араласып-құраласып кетуі қиындау.


Кеш

18.00-20.00 аралығы: өмірді де, адамдарды да қалай бар, сол қалпында қабылдайды. «Неге бұлай?» деген сұрақпен басын қатырмайды, ештеңені өзгертуге тырыспайды. Дау-жанжал мен пікірталасты айналып өтеді. Өзгелерді жақсы түсінеді, себебі, әркімнің орнына өзін қойып көре алады.

20.00-22.00 аралығы: қателік жасаудан қатты қорқады, қашан да мінсіздікке ұмтылады. Адамдарға көмектесуді, қоғамға пайдалы болуды мақсат тұтады. Бұл оның қолынан келеді де.

22.00-00.00 аралығы: шығармашыл тұлға. Ішкі ойын, эмоциясын, пікірін –­ бәрін шығармашылық арқылы шығарады. Өзі туралы тек жақсы пікір қалдыруды көздейді, алдына қойған мақсатқа жетпей тынбайды. Бәрі де қоғамға өзін мойындату үшін. Өмірден өзіне не керегін және оны алудың жолдарын жақсы біледі.


Түн

00.00-02.00 аралығы: қашан да тұрақтылық пен қауіпсіздікке ұмтылады. Жаңа, бейтаныс ортада өзін жайлы сезінбейді. Өзгелерге ақыл үйретіп, тәртіпке шақырғанды жақсы көреді. Өмірдегі басты құндылық ­– отбасы деп санайды.

02.00-04.00 аралығы: үнемі жаңа әрі тың нәрсе іздеп жүреді. Барлық нәрсеге қызығушылығы зор, білуге әуес, аңғарымпаз. Саяхаттауды, өзі үшін жаңалық ашуды, беймәлім нәрселердің сырымен танысуды жаны сүйеді.

04.00-06.00 аралығы: бүгініне қарағанда ертеңін көп ойлайтындар. Ұқыпты, үнемді. Болашаққа қор жинауды, жоспар құруды басты орынға қояды. Міндеттерді бірігіп орындау тиімді әрі нәтижелі деп ойлайтындықтан, үнемі өзгелерге көмектесуге тырысады. Кейде бірбеткей, тұрпайы, енді бірде романтик.

Аударған: А.Бектұрғанова,

ERNUR.KZ