ТЕКСЕРІП КӨР: Сүйгеніңізбен сөзіңіз жарасып, тағдырыңыз тоғыса ма?

0
4 694

Бұл сұрақтың жауабын туған күніне қарап біле аласыз.


ТЕКСЕРІП КӨР: Сүйгеніңізбен сөзіңіз жарасып, тағдырыңыз тоғыса ма?

Көктемнің көңілдерді желпіндіріп, сезімдерді оятып, қыз-келіншектерді айрықша сұлуландырып, ер жігіттерді сырбаз ете түсетін бір қасиеті бар. Бір қызығы, осы мезгілде махаббатын жолықтыратын жандар көп екен. Дәл осы сәтте бұл махаббаттың мәңгілік сезім бе әлде көктемнің әсері ме екенін айыру маңызды. Себебі, қазір лаулап жанған от ұшқыны көктем кеткесін сөніп қалуы, көзге сүйкімді болып көрінген жанмен сөздің жараспауы, «енді таптым» деген таңдаулыңмен таңдырдың тоғыспай қалуы бек мүмкін. Қателесу – бір сәтте. Қателеспеу – маңызды.


Осы тұста махаббаттан басы айналып жүрген жігіт-желең мен қыз-қырқынға таңдаулысының туған күніне назар салуды ұсынамыз. Ұсынысымызға ден қойса, көп сұрақтың жауабын табады.


Ең алдымен өзіңіздің және сүйіктіңіздің туған күн, ай, жыл сандарын тізбектей бір-біріне қосып шығыңыз. Мәселен, 20.01.1984 және 15.12.1990 делік.

2+0+0+1+1+9+8+4+1+5+1+2+1+9+9+0 = 53

1 мен 9 арасындағы бір таңбалы сан шықпайынша шыққан сандарды бір-біріне қосуды жалғастыра бересіз:

5+3 = 8

Яғни, мысалымыздағы жастардың сәйкестік саны – 8. Ал, сіздікі қанша шықты?


1 – Ең сәтті деген сәйкестік сандарының бірі. Егер сіздің есептеулеріңіздің нәтижесінде 1 саны шықса, туған күні иесі – сіздің өмірлік серігіңіз бола алады деген сөз. Онымен қызығушылықтарыңыз да, көзқарастарыңыз да сәйкес келеді. Мәселелерді бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып шеше аласыздар. Тұрмыстық түйткілдерді де онымен тізе бүге отырып атқарған оңайға түседі. Ол жан сіз үшін аяулы жар, балаларыңызға жақсы ана не әке бола алатынына сеніңіз.

Егер бұл кісімен уақытша қарым-қатынас құрған болсаңыз, кеш болмай тұрып ойланыңыз. Уақыт өте келе қатты бауыр басып қаласыз. Айырылысқан жағдайда екеуңізге де қатты ауыр тиеді.


2 – Өкінішке орай... Иә, өкінішке орай бұл сан сіздердің қарым-қатынасыңызда кедергі келтіретін мәселенің көп екенін білдіреді. Бұл қиындықтар екеуңіздің де кінәңізден емес. Араларыңызды қандай да бір тылсым қамал бөліп тұр. Егер таңдаған адамыңызды өмірлік серігім етемін десеңіз, көп нәрсеге көз жұмуыңызға тура келеді. Қандай қиын жағдайда да қолдау білдіріп, көмек көрсетемін, ешқашан жағымсыз сөз айтпаймын, жақпайтын қылық жасамаймын деп өзіңізге уәде берсеңіз және сол уәдеңізде тұра алсаңыз ғана бақытты боласыздар. Сөйте тұра, қол ұстасып жүріп өткен жолдарыңыздың қаншалықты ұзақ болатынын ешкім кесіп те, жорамалдап та айта алмайды. Бәрі тек өздеріңіздің төзімділік пен күш салуларыңызға байланысты.


3 – Сәйкестік сандарыңыз 3 болатын жанмен араңызда тылсым бір байланыс бар. Ол махаббат па әлде көзқарастардың сәйкестігі ме, жанның жақындығы, өзара түсіністік пе, әйтеуір жақсы байланыс. Сіздер бір-бірлеріңізге қиын шақта ең керекті көмекті көрсетіп, ең құнды қолдау білдіре аласыздар. Не керегін де жақсы түсінесіздер. Өйткені, ішкі талаптарыңыз, қажеттіліктеріңіз бірдей. Мұндай жағдайда арада махаббат оты маздамаса да қорықпай бас қосуға болады. Сыйластығы жарасқан, сенім орнаған, бір-бірін сөзсіз айтқызбай түсініп, көзбен ұғып жүрекпен сезетін жұп боласыздар. Тек ол үшін барынша шынайы да адал болуға, бір-біріңізден ештеңе жасырмауға тиісіздер.


4 -Тағы да бір сәтті сәйкестік саны. Туған күн иелерінің арасындағы қарым-қатынас жайлы да жағымды, үйлесім мен тепе-теңдік орнағандығымен бағалы. Алайда, жан-жақтан туыстары мен достары тарапынан көптеген қысымға, өсек-аяңға тап болуы мүмкін. Басынан бастап жеке шекараларын сызып, басымдықтарды айқындап қойса және барлық кедергіге төтеп бере алса, қол ұстасып ұзақ та бақытты өмір сүре алады.


5 – Кезекті сәйкестік санын сәтті не сәтсіз деп бөліп-жару қиын. Бұл қарым-қатынаста лаулаған махаббат та, ұшқындаған сезім де, қызғаныш та, көреалмаушылық та болады. Бір сөзбен айтқанда, сезім бар, бірақ сенім жоқ деуге болады. Осындай кедергілерге қарамастан, «сүйемін, бірге боламын» деп шешім қабылдаса, арақатынастары ұзаққа созылады. Созылған сайын бір-біріне бауыр баса түсіп, қандай келіспеушілік болса да айрылысу қиынға түсетін болады. Олар бірге өткізген жылдарын бақытты шағым деп емес, жағымды және дағымсыз естеліктер деп бөліп еске алатындай.


6 – Сәйкестік саны алты болатын жандар бақыттарына қиындықтармен алысып-арпалысу арқылы қол жеткізеді. Олардың жолына көлденең қойылар кедергі де, көзі мен сөзі тиер көреалмаушылар да көп. Сондықтан, түптің-түбінде сүіген, таңдаған адамыммен бақытқа қол жеткізем деген ниеті болса, таусылмас күш-қуаты да табылуға тиіс. Дәл осындай қиындықтармен күресе отырып қонған бақыт құсын өте жоғары бағалап, ұшырып алмауға бырысып, барынша аялайтыны мәлім. Бұл жұп та соңында бір-бірін осылай аялап, ардақтайтын болады.


7 – Сәйкестік саны қасиетті жеті санына дөп келсе, қуана беріңіз. Сіздердің қарым-қатынас үйлесімді, берік болады. Өйткені, 7 – ададмардың бір-біріне жақындататын, байланыс орнататын және шынайы сезімдерін оятатын сан. Бұл жағдайда көзқарасыңыздың да, өмір-салтыңыздың, дүниетанымыңыздың, мінез-құлқыңыздың, талаптарыңыздың, тіпті әлемдеріңіздің екі түрлі екеніне мән бермеу керек. Бәрін уақыт реттейді, ал сіз бақытты боласыз. Екінің біріне беріле бермейтін махаббатыңызды уыстан шығарып алмауға ұмтылыңыз тек.


8 – Сәттілік пен сәйкестік дәрежесі орташа сандардың бірі. Алайда, солай екен деп салыңыз суға кетпесін. Үмітіңізді үзбеңіз, сезім алауын күштеп өшірмеңіз. Дәреженің орташалығы – бар болғаны сіздердің бақытты болу үшін біршама күш салуларыңыз қажет екенін білдіреді. Ортақ қызығушылық табыңыздар. Жоқ болса, үйреніңіздер. Үй шаруаларын бірігіп атқаруға әдеттеніңіздер. Бірге кәсіп бастаңыздар. Осылайша еңбектену, ара-қатынасты сезіммен ғана емес, ортақ істермен байланыстыру арқылы бақытқа апарар баспалдақтарды өз қолдарыңызбен қалайсыздар.


9 – Бұл сан байланытырған жандар отбасылық өмірде бақытты болады. Қандай жағдайда? Араларын өмірлік тәжірибе мен сенім байланыстырған кезде. Отбасын құру атты маңызды қадам жасамас бұрын екеуі бір-бірін жақсы танып-біліп алғаны абзал. Сүйіктіңіздің өмірдің сан түрлі жағдайларында, қиындық пен қуанышта өзін қалай ұстайтынын бес саусақтай білу сізге өте керек. Сондықтан, асықпай-саспай, алдымен мұқият бақылаңыз. «Менің адамым ба, жоқ па?» деген сұраққа сосын барып жауап беріңіз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

НАУРЫЗДА қазақстандықтарды ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС күтіп тұр