ҰМЫТШАҚТЫҚ сізге қандай ЗИЯНЫН тигізіп жүр?

0
4 154

Сіз нені жиі ұмытасыз?


ҰМЫТШАҚТЫҚ сізге қандай ЗИЯНЫН тигізіп жүр?

Ұмытшақтық – барлық адамға тән әдет. Тіпті, есте сақтау қабілеті керемет деген жанның өзі кей нәрселерді естен шығарып жатады. Маңызы жоқ майда-шүйде болса, мейлі ғой. Көбіне өмірлік маңызды жайттарды ескермей, ұмытып кететініміз өкінішті. Сіз нені жиі ұмытасыз?


ТОҚТЫ

Ұсақ-түйектің бәрін есте сақтап, есесіне, маңызды нәрселерді естен шығаратындардың нақ өзі. Мәселен, жай күндері жақын адамына бір күнде бірнеше рет жылы сөзін айтып, сезімін білдіреді. Алайда, туған күнімен не мерекемен құттықтауды ұмытып кетуі әбден мүмкін.


ТОРПАҚ

Олар – ережеге бағынатын, қағидамен өмір сүретін жандар емес. Сондықтан, үнемі бекітілген ережелерді сақтауды есінен шығарады. Соның салдарынан жүрген жерінде жауапқа тартылып, айыппұл төлеген кезі көп.


ЕГІЗДЕР

Уақыттың құны алтыннан да бағалы екенін ұмытып кете береді. Салдарынан көп күнін бос өткізеді. Ол аздай, өзгенің де уақытын алып, зиянын тигізетіні тағы бар.


ШАЯН

Бірбеткей, қатты мінезінің кесірінен кешірім сұрау мен кешіруді жадынан жиі шығарады. Мұндай қылықтың соңы көп адаммен қарым-қатынастың бұзылуына әкеп соғатыны белгілі.


АРЫСТАН

Олар өздерін отқа салса, жанбайтын, суға салса батпайтын қаһарман сезінеді. Өздеріне тым сенімді. Нәтижесінде кейде көзсіз тәуекелге бас тігіп, қауіп-қатер жайлы ұмытып кетеді.


БИКЕШ

Сыр сақтау, құпиялылық дегенді жиі қаперінен шығарып ала береді. Сол әдетінің кесірінен байқамай өзінің де, өзгенің де сырын сыртқа шығарып алады. Мұның соңы туыс-достармен арақатынасқа сызат түсіретіні айтпаса да түсінікті.

ТАРАЗЫ

Қанша рет басына таяқ боп тисе де, өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам екенін есінде сақтай алмайды. Шындықты айтып соққы алғанша, өтірік айтып жеңіл құтылғанды жөн көреді. Салдарынан «Өтірікшінің шын сөзі зая» болып, сенімнен айрылады.


САРЫШАЯН

Өзін төрткүл дүниенің тірегі, әлемнің кіндігі деп санайтын белгі иелері барлық адамды алдында құрдай жорғалап жүруі керектей көреді. Басқалардың да сезімі, көңілі барын ұмытып, бәрі менің қамымды ғана ойласа деп тұрады. Мұндай қарым-қатынасты ешқандай ұмытшақтық ақтап ала алмайтыны ақиқат.


МЕРГЕН

Белгі иелерінің ең көп ұмытатыны – басқалардың көңіліне қарау, сезімін білдіру, маңызды нәрсеге тиісінше мән беру. Іштей бәрін жақсы көреді, айтары да көп. Бірақ ең бағалы, ең жағымды сөздердің сыртқа шықпай, іште қалып қоя беретіні өкінішті.


ТАУЕШКІ

Сәл нәрсеге жетсе болды, өзін басқалардан артығырақ санап кетеді. Әркімнің бір артықшылығымен қоса, бір кемшін тұсы болатынын есінен жиі шығарады. Соның салдарынан кейде адамдарды лайықты бағаламай, құрметсіздік танытып қалатын жағдайлары бар.


СУҚҰЙҒЫШ

Ұмытшақтық жағынан алғанда Сарышаяндармен ұқсас. Өздерін әлемдегі жалғыз адамдай сезінеді. Өзінен басқаға да бұйырсын деп тілеу, бөлісу деген жоқтың қасы. Олардың мытшақтығы осыдан көрініс табады.


БАЛЫҚТАР

Олар ұмытшақтық жөнінен бірінші орын алады. Бәрін есінен шығарады. Кейде көліктен затын алуды. Дүкенге барса, әмиянын тастап кетеді. Тіпті кейде бақшадан баласын алуды ұмытып кетсе таң қалмаңыз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Жас түлек, МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА мұны да ескеру керек!