​Жұлдыз белгілерінің АҚШАҒА қатысты ең үлкен ҚАТЕЛІКТЕРІ

0
2 886

Осы қателікті жібермесеңіз, қаражаттан қысылмай өмір сүресіз.


​Жұлдыз белгілерінің АҚШАҒА қатысты ең үлкен ҚАТЕЛІКТЕРІ


ТОҚТЫ – ысырапшыл, эмоция үстінде жоспарда болмаған заттарды сатып ала салады.


ТОРПАҚ – әдетте үнемшіл, кейде тіпті сараң. Бірақ жиып-теріп отырғанын бір сәттік қызықтарға (тәтті тамақ, ойын-сауық) жұмсап қою мүмкіндігі жоғары.


ЕГІЗДЕР – көзге көрінбейтін ұсақ-түйек, бір сәттік эмоция сыйлайтын қызыққа бар қаражатын қия салады. Өзі ізденуге ерініп, жай ғана ақпарат білу үшін ақша төлейтін әдеті де бар.


ШАЯН – шектен тыс ақша жинағыш. Қолына түскенін тағы пайда әкелетін іске салудың орнына, жинағына қоса бергенді жөн көреді. Салдарынан ақшасы еселеніп көбеймейді, тиындап құралады.


АРЫСТАН – байлық пен барлықты, сән-салтанатты паш ететін дүние-мүлікке көп шашылады. Иелігінде қаншама қымбат мүлкі болғанмен, қалтасында ақшасы болмауы әбден мүмкін.


БИКЕШ – бар тапқанын жинаққа аударып жібереді. Сөйтеді де қазіргі қажеттіліктеріне тағы қаражат іздейді. Кейде тіпті қарыз, несиеге жүгінуі мүмкін.


ТАРАЗЫ – тапқанының қомақты бөлігі басқаларға сыйлық жасауға кетеді. Оған қоса көз тартатын киім-бұйым көрсе, сатып алудан бас тарта алмайтыны бар.


САРЫШАЯН – олар үшін ең құнды нәрсе – эмоция. Тұрмыстық қажеттіліктерге деп сақтаған ақшасын бұрын-соңды бастан кешпеген жарқын эмоция сыйлайтын сауыққа, ас-ауқатқа құрбан ете салады.


МЕРГЕН – өзін дамыту – олар үшін ең ардақты іс. Жаңа білім алу, жаңа жерлер көруге келгенде кейде шектен шығып, қалтасы қағылып жатады.


ТАУЕШКІ – еңбектенеді, табыс табады бірақ оны өзінен аяйды. Бүгінгі қажеттіліктерін, қазіргі өмір сапасын ойламай жатып, жинақ сандықшасына салып, қайта ашылмайтындай құлыптап қояды. Сәйкесінше, дәл қазір ақшадан қысылып күн кешеді.


СУҚҰЙҒЫШ – оларды ысырапшыл ететін жаңа гаджеттер, заманауи сән үлгілері, болашақта керегі болар дейтін заттар. Уақыт көшінен қалғысы келмей, жаңадан шыққанның бәріне шығындала береді.


БАЛЫҚТАР – белгі иелерінің табысының бір бөлігі қайырымдылыққа, екінші бөлігі ешкімге айтпайтын жан қалауларына (хобби, көңілі қалаған зат, т.с.с.), үшінші бөлігі рухани дамуына жұмсалады. Айта кету керек, Балықтар өз табысын осы үш бөлікке ғана бөледі. Солардан артылғанын ғана бүгінгі күннің қажеттіліктеріне жұмсайды.

Қаражат ұстауға қатысты қателіктеріңізді айттық, енді не істеу керегін айту артық болар. Қатеңізге қарап дұрыс шешімді өзіңіз шығарыңыз.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Туған жылыңыз өмірлік миссияңызды айтып береді