​«Бітіре алмаған» ЕРКЕККЕ ӘЙЕЛІ көмектесе алады

0
9 932

Оның бірнеше оңтайлы әдісі бар...


​«Бітіре алмаған» ЕРКЕККЕ ӘЙЕЛІ көмектесе алады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Еркектің төсектегі «шаруасын бітіре алмай» қиналуы, ұзақ уақыт бойы шәуетін шығара алмау, анэкуляция...


Мұның себептерімен күресу әлбетте, бірінші орында еркектің өзінің міндеті. Уақытында дәрігерге тексеріліп, жыныстық қатынастағы кез келген сәтсіздіктің себептерімен ең алдымен өзі күресуі тиіс. Дегенмен, оған некелі жары да көмектесе алады. ҚАЛАЙ?


ӘЙЕЛ де КӨМЕКТЕСЕ алады

Әрине, бұл екеудің арасындағы жеке шаруасы. Бірақ оған да кейде кеңес керек болады. «Ышқырдан төменгі» құпияны шашқалы отырған жоқпыз, дегенмен сәтсіздіктің соңы проблемаға айналып кетпес үшін кейбір кеңестерге құлақ асқан да абзал.

Еркектердің оргазмы көпқырлы боп келетін әйелдердікіне ұқсай бермейді. Ашығын айтқанда, еркектің қозу дәрежесі мен жыныс мүшесінің «талабына» сай болады. Ал әйелдің міндеті сол қозу дәрежесіне жеткізу. Ал ол түрліше боп келетіні жұбайлық өмір сүріп жатқан жандардың бәріне белгілі.

ЕРКЕК төсектегі «ШАРУАСЫН БІТІРЕ» алмаса, себебі МЫНДА


Еркек ертерек «бітірсін» десеңіз...

Ол үшін мына бірнеше кеңесті есте сақтауыңыз керек-ақ.


  • Жыныс мүшесінің бас жағына «жағымды әсер» сыйлау керек
  • Жыныс мүшесінің жүгеншігі (уздечка) де жынысты қатынасты тезірек аяқтауға әсер етеді
  • Еркек те аймалағанды жақсы көреді
  • Массажды қимылдармен еркек шәуетінің ертерек шығуына әсер етуге болады
  • Еркек көзімен қозатынын ұмытпай төсекте тартымды боп жату да әйелдің міндеті
  • Әйелдің өзін-өзі аймалауы да еркекке орасан зор «күш» береді
  • Еркектің де G нүктесін білген жөн
  • Еркектердің омырау ұшын уқалау да жақсы қоздырады

Тек ОЛ ҒАНА емес...

Әйел еркекке тек төсекте ғана көмектесу керек деген біржақты түсінікте болудың да қажеті жоқ. Ол үшін еркектің шәуетін не үшін ұзақ уақыт бойы немесе мүлде шығара алмауы себептеріне мұқият қарап шығыңыз. Еркектің денсаулығына да әйелі қарасып, қамқорлық танытып тұрса артық болмайды. Одан әйел ұтпаса, ұтылмақ емес.

ҚОРЫЛДАЙТЫН еркектер жыныстық қатынасқа ЖАРАМАЙ қалады

  • Жүйкесінің жұқармауына назар аударған жөн, қашанда көңілді орта қалыптастырған дұрыс (Отбасылық мәселе кезегімен шешіледі)
  • Төсекте сәтсіздікке ұшыраса, онысын бетке басуға болмайды (ұзақ уақыт бойы жақындамауы немесе келесі жолы өзіне сенімсіз бола бастауы мүмкін)
  • Жыныстық қатынас кезінде кемшілік байқасаңыз, себебін еріңізбен бірге іздегеніңіз абзал
  • Еркек те отбасының басқа мүшелері секілді дұрыс әрі толыққанды тамақтануы керек
  • Еркектің меселін аптадан артық қайтаруға болмайды (жыныстық қатынастың уақытында болғаны өзіңізге де жақсы)


Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ