​Бұлай жиі жасаған ӘЙЕЛДІҢ күйеуі ТӨСЕКТЕ ТОЙЫМСЫЗ келеді

0
32 609

Бұл – еркектердің басым көпшілігінде кездесетін жағдай...


​Бұлай жиі жасаған ӘЙЕЛДІҢ күйеуі ТӨСЕКТЕ ТОЙЫМСЫЗ келеді

Бір әйелдерге еркектердің тепсініп тұрған бұлшықеті, сөйлеу мәнері немесе т.б. іс-әрекеті ұнап жатады емес пе? Ондай сәтте әйел заты не сезінерін кім білсін, бірақ еркектер әйелдің осынау бір қылықтарынан-ақ бойын от шарпып, құша кеткісі келіп тұратын көрінеді.


Әйелдің ҚАНДАЙ қылықтары еркектерді ҚОЗДЫРЫП жібереді?

Мұны әйелдің өзі де байқамауы мүмкін. Ендігі жерде назар аударсаңыз немесе тап осы сәттерді қайталап көрсеңіз, бұған көзіңіз жетеді.


  • Кез келген еркектің есін алатын бір қылық – әйелдің құлақ тұсындағы шашын саусағына шиыршықтай орап отырып еркелеуі.
  • Әйелдің боянып отырған сәті... (Байқап көрсеңіз болады, бір жаққа шығарда боянып отырған сәтіңізде еріңіз келіп «сүйкене берсе», оны «арбап» отырғандай көрінесіз).
  • Әйелдің өзіне өзі тамсана қарап айна алдында тұрған кезі – бұл да еркектердің есін кәдімгідей «алып» қояды екен. Төсекке алып жықпасына да кепілдік жоқ мұндай сәтте.
  • Әйелдің бірдеңемен әуре болып, бар ынтасымен қасын түйіп тұрып айналысып жатқан сәті де бақылап жатқан еркектің делебесін қоздырады. Ас дайындау, кітап оқу немесе тігіс тігу бола ма, еркектерге бәрібір. Оларды еліктіретін – әйелдің ернін тістеп, қасын түйетін бейнесі.
  • Мейіріммен, жанашырлықпен жақындап келіп ерін құшағына алатын әйелге де ынтасы артып кетеді еркектің. Жалпы, еркек біткен мұндай құшақта «еріп» кетеді.

  • Шығарып салып тұрғанда әйелі бетінен шөп еткізіп сүйіп алса да, еркек үйден кеткісі келмей қалады. Тап осы сәтте құмарлығы оянып кетеді екен көптеген еркектердің.
  • Күйеуіне қарап жылы жымиған әйел де көп уақыт өтпей төсектен бір-ақ шығады. Әдетте, мұндай жымиыс еріксіз болады. Ал еріксіз жасалған әрбір қылық еркектердің миына қандай дабыл болып жететінін шамалай беріңіз.
  • Қызығы сол, күйеуіне зат немесе киім сатып алатын әйелдер де сол сәтте қалаулы болып тұрады. Әсіресе, ішкиім сатып алатын әйелдердің сол күнгі түні «от болып» өтеді екен.
  • Шөлдеп тұрып салқын суды сіміріп салатын сәттер болады ғой?! Міне, сол сәтте қасыңызда күйеуіңіз тұрса, «біттім» дей беріңіз. Ол сіздің осынау қылығыңызды бақылап тұрса, құша кетуі ғажап емес.
  • Қорыққан сәтте күйеуінің қолтығына тығыла кететін, өзінің үрейленгенін ашық көрсететін әйелдерге де еркектердің ынтасы бірден ауады. «Құшағыма тағы тығыла түссе екен» деген тілеп жібергенін де байқамай қалады өзі.
  • Әйел қандай да бір жеңісіне шаттанған сәтте де тым қылықты көрінеді. Мейлі, ол қызметінде болсын, тіпті, үй шаруасындағы бір жетістігі болсын, сол жеңісіне қуанған сәтіне күйеуі куә болса, ол масатта құшақтай кетіп, соңы тәтті сүйіске ұласуы мүмкін.
  • Әйел ашуланғанда да әдемі болып кетеді. Әсіресе, көзінен ұшқын ойнап, шын ашуланған сәті күйеуінің бойындағы құмарлығын арттыра түседі. Сол үшін де әдейілеп ашуландыруы мүмкін.

  • Әйелдің бейғам ұйықтап жатқан сәті... Осы сәтте ғой, еркектердің әйеліне ойнда-жоқта тап беретіні. Себебі, пысылдап қана маужырай ұйықтап жатқан жарына елітпейтін еркек жоқ шығар.

Әрин, қай жаста болмасын, некелі жұптың махаббаты жалындап, сезімдері бір арнаға тоғысып жатса, ол некелі ақ төсекте іске асып жатса, кез келген әйел де, ер де қуануы тиіс. Себебі, әйел мен еркекке берілген осы бір ләззатты жаратылыстың сыйы деседі. Сол сыйдан шет қалмаған жұптардың бақытының салмағы өзгесінен ауырырақ келеді екен. Яғни, ол шаңырақта еркектің көңілі тоқ, әйелдің жүзі жадыраңқы. Ал денсаулыққа келгенде, кінәрат та өзгесінен азырақ болса керек-ті.

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Әйелде болатын негізгі 3 НҮКТЕ : Осыны білсеңіз, ол сізге риза болады


ТӨСЕК ЛӘЗЗАТЫ: Әйелде «айып» жоқ, көбіне ЕРКЕК КІНӘЛІ