​ЕРКЕК төсектегі «ШАРУАСЫН БІТІРЕ» алмаса, себебі МЫНДА

0
13 496

Ұзақ уақыт бойы әйелді әурелесе, демек оның әжептеуір себебі бар.


​ЕРКЕК төсектегі «ШАРУАСЫН БІТІРЕ» алмаса, себебі МЫНДА

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әлбетте, 5 минуттың айналасында бітіп қалатын төсек ләззатына қарағанда оның ұзағырақ болғаны жақсы. Бірақ ұзағырағының да өз межесі бар. Сағатқа созылса, ол еркектің өзіне де, әйелге де жақсы сезім сыйлай қоймас.


Мәселен, әйел оргазм алып үлгерді, бірақ еркек әлі төсектің ләззатын сезіне алмай жатыр. НЕГЕ?


Эякуляцияның, яғни, еркектің шәует шығаруда қиналуы ерте «аяқтап» қойғанға қарағанда сиректеу кездеседі. Дегенмен, көптеген еркектерде кездесетін жағдай. Ал оның себебін анықтап көргендер бар ма?


ҰЗАҚҚА СОЗЫЛЫП КЕТКЕН төсек шаруасы – СЕБЕБІ ҚАНДАЙ?

Еркектің төсек қатынасы кезіндегі шәует шығара алмауы сағаттан асса, тіпті оны жеделдетуге күш салса да мүмкін болмаса, онда бір кінәраттың бар екенін білдіреді.

Мұндай ұзақ уақытқа созылған эякуляцияның соңы еркектің шәуетін шығармаған күйі жыныстық қатынасты тоқтатуына алып келеді және ол – анэякуляция деп аталады медицинада. Негізгі себептері мынадай:

ҚОРЫЛДАЙТЫН еркектер жыныстық қатынасқа ЖАРАМАЙ қалады

  • ол порнофильмдер көріп отырып өзін өзі қанағаттандыруға әдеттенген (мастурбация);

  • өзіне деген сенімсіздік;

  • жыныстық қатынас алдында ішімдік ішу;

  • инфекция;

  • эякуляцияны болдыратын дәрі-дәрмек ішу;

  • паталогия, жыныстық ағзалар қызметінің бұзылуы;

  • әйелде де «проблема» болуы мүмкін.


ОЛАЙ БОЛМАУЫ да мүмкін

Эякуляцияның кешігуі басқа себептен де болуы мүмкін. Жыныстық қатынас кезінде еркек өзінің бойынан қозуды сезсе, эрекция (еркектік мүшенің қобуы) қалыпты болса, бірақ шәуетті шығару ұзаққа созылса, онда тән шаршауы немесе жүйкеде салмақ бар деген сөз. Сонымен қатар, мұндай жағдай алдыңғы шәует шығарудан жыныстық мүшелер әлі қалпына келе қоймаған да болуы мүмкін.


КӨРШІ БӨЛМЕДЕГІ шу да әсер етеді еркекке...

Иә, мүмкін таңғаларсыз. Дегенмен, еркектің шәуетін дер кезінде шығара алмай қиналуына көрші бөлмедегі баланың жылағаны немесе қарияның қорылы да әсер етеді. Жатын бөлме бөлек, есігі жабық болса да, басқа жайдағы қонақтардың болуы немесе т.б. жағдайларға алаңдаулы еркекте те кездесіп жатады мұндай.


ЖАРАҚАТ алуы да себеп болуы мүмкін

Егер эрекция бірде дұрыс, екінші ретте кешігіп жатса, оның себебі мына төмендегі белгілерден іздеп көріңіз:

  • жыныс мүшелерінің немесе омыртқаның жарақат алуы;
  • хирургиялық ота жасаудан кейінгі әсері;
  • гормондық бұзылыстар;
  • жүйке жүйесіндегі, эндокриндік және зәршығару жүйелеріндегі кейбір аурулар;
  • дәрі-дәрмек қабылдау уақыты.


НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Жасына жетпей өзінің еркектік қабілетіне күдік тууы, жыныстық қатынаста сәтсіздікке ұшырауы ешбір ер-азаматқа оңай соқпасы анық. Десек те, сол ер-азаматтардың көбі қарапайым ғана ережелерді сақтай бермейді.

Егер еркектік шаруаны әйел алдында мінсіз атқарғысы келсе, кез келген еркектің өмірінде мына кеңестер жақсы нәтиже береді.


Спорт

Еркек спортпен айналысуы керек, бірақ артық фанатизм де жыныстық кемшіліктерге жол ашады. Бастысы, белсенді болып, әсіресе кіші жамбас қанайналымын жақсартатын жаттығулар мен әрекеттер жасау керек. Сол арқылы тестостерон мөлшері де көтеріледі.

ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАН соң әйелдің іші НЕГЕ АУЫРАДЫ?

Тамақ

Күнделікті жейтін тағамның санаулы ғана түріне үйрену де еркектің ағзасына жақсылық әкелмейді. Түрлендіріп, әсіресе, тестостерон мөлшерін көбейтетін тағам түрлеріне де ден қойған жөн.


Демалу да керек

Әсіресе, ауыр дене жұмысын істейтіндер үшін қажет кеңес бұл. Еңбек пен демалыстың тепе-теңдігі бұзылса, көп өтпей ағзадан да кемшілік көрініс табады. Әсіресе, ұйқының бұзылуы мен қанбауы жақсылыққа апармайды.


Көңілді жүру керек

Қандай жағдай болмасын, кімге де болса көңілді жүру жақсылық әкеледі. Үнемі бір ойда жүріп, қабағы ашылмайтын еркектерге әйел де жуысқысы келмейді. Проблема болса, дер кезінде шешіп, шешілмейтіні үшін ұзақ уақыт қайғырғаннан тек адамның өзі ғана зиянын көреді. Сондықтан, еркектің басына не кеп, не кетпейді?! Қашанда күлімсіреп, көңілді жүруге тырысқан жөн.


Дәрігер

Дәрігердің, әсіресе, урологтың қабылдауы тұрақты баратын еркектердің саны әлі күнге аз. Дені сау еркек жарты жылда бір рет урологтың тексеруінен өтіп, оның кеңесін тыңдап тұруы тиіс. Сонда оның төсектегі шаруасында мәселе туындамайды.


Тұрақты түрде ләззат алу

Бір түнде бірнеше рет немесе әркіммен емес, некелі жармен тұрақты түрде төсек ләззатын алып тұрған еркекте те ешқандай проблема болмауы тиіс. Қанша жаста қанша рет, оны мына сілтемеге өтіп біле аласыз. Бастысы, жайбарақат жыныстық қатынас үшін барлық проблеманы артқа тастап, ешқандай уайымсыз, жайлы жағдай жасап барып некелі жарыңызға бар назарыңызды төге айналыссаңыз, бәрі де уақытында және ең тәтті сезімдерді бастан кешеріңіз анық.

Түрлі дереккөздерден дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ