​ҚОРЫЛДАЙТЫН еркектер жыныстық қатынасқа ЖАРАМАЙ қалады

0
7 895

Компьютерлік ойынға құмар еркектер "ТӨСЕКТЕ ЖАРАМСЫЗДАРДЫҢ" бірінші орнында...


​ҚОРЫЛДАЙТЫН еркектер жыныстық қатынасқа ЖАРАМАЙ қалады

Иә, бала-шаға, тұрмыстық түйткіл мен басқа да жағдайлар еркек пен әйелдің жыныстық қарым-қатынасына әсер етпей қоймақ емес. Зымыраған уақыттың бір қалтарысында араңызда жыныстық қатынастық біраздан бері болмағанын ойласаңыз, шошып-ақ қаласыз. Бірақ оған тек тұрмысты ғана айыптауға бола ма? Еріңіз сізден «сұрамағалы» көп болды ма? Неге?


Мүмкін, басқа да жағдайлар әсер етіп жатқан болар?! Мәселен, көңілдес...


Жо-жоқ, тек олай ойлай көрмеңіз. Еркектің одан да басқа себептері жетерлік. Иә, бұл мәселелер болса, тез арада «көзін құртпаса» дендеп кетіп, еріңіз «ештеңеге» жарамай қалуы әбден мүмкін.


ЕРКЕК СЕМІРІП КЕТСЕ, төсектегі қабілеті кемиді

Егер еркектің бел өлшемі 94 см-ден асып кетсе (әр жерде әртүрлі жазып жатады), онда оны «басқа біреуің бар» деп айыптаудан аулақ бола тұрыңыз.

Еркектің белі жуандаған сайын оның төсекке деген ықыласы кеми береді деседі мамандар. Оның себебі, жыныстық гормондармен байланысты глобулиннің кеміп кетуінде екен. Тап осы ақуыз ағзада пайда болатын тестостеронды өзі арқылы өткізіп, қан арнасына жеткізеді. Ал қанға тестостерон жетпесе, еркектің жыныстық қатынасқа деген қалауы да болмайтын көрінеді.


ӘЙЕЛДІҢ өзі де кінәлі болуы мүмкін

Әсіресе, контрацептивтер қабылдайтын әйелдер... Осынау гормоналды контрацептивтер әйелдердің де ағзасындағы тестостеронның мөлшерін азайтады. Ал тестостерон – тек еркектердің ғана емес, әйелдердің де бойындағы жыныстық қатынасқа деген қалауын кемітеді.

Бірақ көбіне әйелдер оны мойындай бермейді. Өзінің қалауы жоқтығын айтып түрлі сылтаумен емеурін таныта қоймағанымен қоймай, ұзақ уақыт «махаббат ойынын» көрмесе, оған да еркектерді кінәлайтыны болып тұрады екен.

Жыныстық қатынасты бұрынғыдан да ТӘТТІРЕК ететін 3 лайфхак

ҰЙҚЫСЫ ҚАНБАҒАН еркек те «оңдырмайды»

Стресс пен ауыр жұмыс негізінен еркектің еркектік қабілетіне нұқсан келтіре қоймайды. Бірақ ұдайы ұйқысы қанбаған еркектің қабілеті көпке ұзамай әлсіреп, теріс қарап жатуы көбейеді.

Оның себебі де тестостеронда жатыр. Ұйқының қанбайы аталған гормонның мөлшерін азайтып, сәйкесінше еркектің төсекке деген қалауын кемітеді.

Демек, еркектің ұйқысы қанық болуын да қамтамасыз еткен дұрыс.


ҚОРЫЛДАЙТЫН еркек

Негізінен, қорылдау – ол да ұйқының қанбауының жасырын бір факторы. Ұйқы уақыты жеткілікті болғанымен, қорылдау кезіндегі тыныс алудың үзіле беруі сапасын төмендетіп, нәтижесінде тестостерон мөлшері тағы да кемиді. Ал қорылдаған адамның ұйқыдан шаршап тұратыны тағы бар. Шаршаған адамның келесі кеште төсекке деген ынтасы бола қоюы екіталай.

Сондықтан адамға күндізгі 15-20 минуттық ұйқының маңызы зор деп санайды дәрігерлер. Ол қосымша күш сыйлап, кешкісін төсекте де сергек болуға көмектеседі.

ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАН соң әйелдің іші НЕГЕ АУЫРАДЫ?

КОМПЬЮТЕРДЕ ОЙЫН ОЙНАЙТЫН еркектер

Егер шынайы соғыс (бетін аулақ етсін, әрине!) болса, онда ол керісінше, еркектің еркектік қабілетін асыра түсер еді. Ал компьютердің экранының арғы жағындағы «өтірік соғыстардың» қызығына беріліп кеткен еркектердің бірінші ұйқысы мүлде қанбайтыны анық. Екіншіден, қазір еркектердің жыныстық қабілетін төмендету әсері бойынша осынау ойындардың бірінші орында тұрғанын айтады зерттеуші мамандар.


Демек, осынау тізімнің ішіндегілердің бірі болмаса бірі Сіздің де күйеуіңіздің бойынан табылып жатса, оны «көңілдесі бар» немесе «мені жақсы көрмейді» деп айыптауға асықпай тұра тұрыңыз. Осы себептермен күресіп, керісінше, жылы төсегіңіз бен ыстық құшағыңызға асық еткеніңіз дұрыс болар?!

Дайындаған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ