Жыныстық қатынаста МЫНАЛАРДЫ ІСТЕУГЕ болмайды

0
8 698

Төсектен ләззат алуға келгенде тек тәннің қалауына ғана ерік беруге болмайды...


Жыныстық қатынаста МЫНАЛАРДЫ ІСТЕУГЕ болмайды

Әрбір істің өз ережесі, тыйым салынған және рұқсат етілген жақтары бар. Сол сияқты, жыныстық қатынаста да әркім сақтауға тиіс бірнеше ережелер бар. Соны ұмытып, тек тәннің ғана еркіне бағынып кеткендер көптеген қателікке бой алдырып, соңында өкінішке ұрындырып жатады екен.

Әсіресе, әйел мен еркектің арасын суытып, бір төсекте құшақтары қайта айқаспайтындай ететін осынау қарапайым ғана ережелерді әркім де сақтай жүргені дұрыс.


Жыныстық қатынас кезінде ҰРЫСПАУ

Жатын бөлмедегі «көрпеасты» шаруасында сәтсіз шығатын кездер болып тұрады. Некелі жұптың бірінің қанағаттанбауы, тән ерекшелігіне байланысты қатынастың дұрыс орындалмауы, жұптың бірінің іс-әрекеті екіншісінің ойынан шықпауы және т.б. сияқты сәттер жеткілікті.

Бірақ осының барлығына ашу шақырып, соңы ұрыс-керіске ұласа беретін болса, онда әр жақындық сайын еркек пен әйелдің бір-біріне деген ықыласы кеми береді. Тіпті, кейбір жұптардың беті бірден қайтып қалатын да көрінеді.

Сондықтан, ақ төсекте қандай сәтсіз жағдай болмасын, оны түсіністікпен қабылдап, керісінше, келер жолы сондай жағдайды болдырмаудың амалын алдын ала қарастырып қоюға болады. Еркектің сәтсіз әрекет, әйелді ұялтатын жағдайды байқамаған болу – ең дұрыс шешім. Ал келесі қатынаста, тап осы мәселе туындайтын жерді «айналып» өтуге немесе қажетті кеңеске жүгінуге болады.


АРТЫҚ сұрақ қоймау


Жыныстық қатынас кезінде сөйлеу деген жақсы емес. Тіпті, жұптардың арасындағы тек екеуіне ғана тиесілі «шаруаны» атқару кезінде үн шығармауды шариғат та ескерткен.

Ал жыныстық қатынас әдебі бойынша, жұптар бір-біріне төсекте артық сұрақ қоймағаны дұрыс. «Ұнай ма? Ұнамай ма?», «Былай ма, әлде бұлай?» деген сияқты сұрақтар жұптардың арасында тән сәйкестігі, бір-бірін сөзсіз ұғынудың жоқтығын көрсетеді. Егер, әрдайым осылай жалғаса берсе, әдетке айналуы да ғажап емес.

Енді өзіңіз елестетіп көріңіз... Әрбір әрекет осындай орынсыз сұрақтардан басталса, бұл да араны суытып жіберетін бір себеп.


БҰРЫНҒЫСЫ туралы сұрамау

Әркімнің де алғашқы махаббаты, ең алғаш сүйіскен, махаббаттың бал дәмін татқызған біріншісі болуы мүмкін.

Некелі төсекке бас қойған соң «бұрынғың қандай еді?» деген сияқты сұрақтар қойылмауы керек. «Алғаш ғашық болғаның кім?», «Ол қалай сүйісетін еді?», «Менен жақсы ма әлде...» деген сұрақтар кімді де болса ыңғайсыздыққа түсіреді.

Мұндай ыңғайсыздық асқына келе адамның ойында үшінші біреудің пайда болуына ұласуы мүмкін. Жиі еске алу, еске түсіру жұптардың жаңа өмірі үшін, әсіресе төсек қатынасына кері әсерін тигізеді.


Орынсыз ӘЗІЛДЕМЕУ

Әзілқой жандар үшін қай кезде де қалжыңдасу әдетке айналатыны белгілі. Бірақ, әзілдің орынсыз жері – тап осы жыныстық қатынасқа түсу кезі.

Бұл кезде адамның жаны мен тәні де бірігіп, шынайы, табиғи қалпында қалады. Осынау пәк көңілмен тән қалауын орындап жатқанда қандай әзіл болса да орынсыз. Құмарлық оянып, төсекке бас қойғанша кейбір әзілге орын бар болар, бірақ, жан алысып, жан берісер кезде әзіл айту, оған мүмкіндігі болуы – еркектің немесе әйелдің шынайы берілмегендегі деген сөз.



Тым ШІКӘМШІЛ болмау

Тазалықты, тәртіпті, бәрінің өз орнында болуын талап ету – дұрыс, әрине. Бірақ, одан да шікәмшіл болу жыныстық қатынас кезінде орынсыз болады.

Тән қалауын орындап жатқанда артық дыбыс шығып, төсектің тазалығы да сақталмауы мүмкін. Өзің жан-тәнімен берілген жанның төсегінен жиіркену немесе қатынас кезінде пайда болған тер және т.б. үшін жиіркену сынды әрекет таныту да келесі тән қауышуының «ыстық» бола қоймайтынын білдіреді. Үнемі жуынуды, өзіңізге ғана ұнайтын әдеттерді талап етіп отыру жұбыңыздың көңілін суытып жіберуі мүмкін.


САҚТЫҚ шарасын ұмытпау

Жүктіліктен немесе ер мен әйелдің бойында болатын кейбір дерттерден сақтану жолын да ұмытпаған жөн.

Көбіне жұптардың бірі жүктілікті қаласа, екіншісі уақытша әлі дайын емес болуы мүмкін. Мұндайда ортақ шешім мен сақтық шарасы міндетті түрде сақталуы тиіс.

Сол сияқты, адам денсаулығына аса қауіпті болмаса да жұптардың бірінде екіншісіне өтпеуі тиіс, жыныстық қатынас арқылы жұғуы мүмкін инфекциялар болуы мүмкін. Соған орай, ем қабылдап жүрген болса да мұндайда сақтық шарасы қажет.


Мұны «жыныстық қатынастың әдебі» деуге де болар, бәлкім. Қандай болса да жатын бөлменің жағымды «ауа райын», неке төсегінің ыстығын сақтап қалу үшін, сонымен қатар, жұптардың арасындағы құмарлық пен бір-бірін тартып тұратын «магнитті» сақтап қалу мақсатында әрбір жан ұстанатын жасырын қағида болуы тиіс. Көмегі тиері анық.

Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Жас босанған әйелмен ҚАНША УАҚЫТтан соң ТӨСЕК қатынасына баруға болады


Ерлі-зайыптының жас айырмашылығы ТӨСЕКте әсер ете ме?