20 адам автобуста өртеніп кетті

0
1 374

​Мьянмадан Тайландтың Патхум Тхани провинциясына жол тартқан 20 гастербайтер Так провинциясындағы тас жолда автобуста өртеніп кетті кетті,-деп хабарлайды Тengrinews.kz.


20 адам автобуста өртеніп кетті

фото: иллюстрациялық

Мьянмадан Таиландтың Патхум Тхани провинциясына жол тартқан 20 гастербайтер Так провинциясындағы тас жолда автобуста өртеніп кетті кетті,-деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Өрт себебі белгісіз. Куәгерлердің айтуынша өрт автобустың ортасында басталып тез арада көліктің алдыңғы және артқы бөлігіне жайылған. Осылайша көлікте болған адамдарда сыртқа шығуға мүмкіндік болмаған. Таиландқа шыққан автобуста 47 адам болған. Көлік түнгі 00:00-де өртенген. Жүргізуші дереу көлікті тоқтатып, ішінен 24 жолаушы мен кезекші жүргізуші шығып үлгерген. Автобустың артқы бөлігінде отырған 20 гастербайтерлер тірідей өртеніп кеткен. Жүргізуші өрт сөндірушілерді шақырғанымен өрт құрсауында қалған адамдарды құтқара алмаған. Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер мән-жайды тексеріп жатыр.