Адамға доңыздың жүрегі салынды

0
720

Мұндай операцияны дәрігерлер бұған дейін бірнеше рет жасауға ұмтылған. Бірақ барлығы сәтсіз аяқталған.


Адамға доңыздың жүрегі салынды

ERNUR.KZ. Америкалық дәрігерлер науқас адамға доңыздың жүрегін салды, деп жазады 24.kz.

Бұл медицина тарихында алғашқы тәжірибе. Сондықтан операцияның нәтижесі туралы, кесіп-пішіп айтуға әлі ерте. Мэриленд университетінің Медицина мектебі дәрігерлерінің айтуынша, 57 жастағы ер адам қазір өзін жақсы сезінеді.

Үш күн бұрын оған доңыздың жүрегі салынбаса, өміріне қауіп төнер еді, дейді мамандар. Мұндай операцияны дәрігерлер бұған дейін бірнеше рет жасауға ұмтылған. Бірақ барлығы сәтсіз аяқталған.