АҚШ президенті демократтарды «сатқындар» мен «америкалық еместер» деп айыптады

0
1 209

Дональд Трамп мұнысымен өткен аптада жалақыны өсіру мәселесі мен жұмыссыздықтың азаюы туралы жасаған баяндамасына демократтардың қол соқпағанын меңзеді.


АҚШ президенті демократтарды «сатқындар» мен «америкалық еместер» деп айыптады

Фото reuters сайтынан

АҚШ президенті демократтарды «америкалық емес» және «сатқындар» деп айыптады, деп хабарлайды reuters агенттігі. Дональд Трамп мұнысымен өткен аптада жалақыны өсіру мәселесі мен жұмыссыздықтың азаюы туралы жасаған баяндамасына демократтардың қол соқпағанын меңзеді.

"Оларға керегі, мемлекеттің өркендегені емес, Трамптың жаман жұмыс атқаруы», - деді Трамп, Огайодағы зауытта салық реформасы туралы сөйлеген сөзінде.

“Бұл барып тұрған өзімшілдік. Бұл жақсы пиғыл емес. Олардың әрекеті жансыздарға ұқсайды және америкалықтарға тән емес», - деді Трамп.

АҚШ-та сатқындық ауыр қылмысқа жатады және ол үшін өлім жазасы қаралған. Құрама штаттарында демократтардың Трампты салқын қабылдағаны айқын байқала бастады.