АҚШ USAID бағдарламаларының 83 пайызын ресми түрде жабады

0
173

Қалған мыңға жуық бағдарлама мемлекеттік департаменттің қарамағында тиімдірек жүзеге асырылуға тиіс.


АҚШ USAID бағдарламаларының 83 пайызын ресми түрде жабады

фото: РИА Новости

ERNUR.KZ. АҚШ үкіметі алты апта зерттеп, Халықаралық даму агенттігі (USAID) бағдарламаларының 83%-ын ресми түрде жабатын болды, деп жазады sputnik.kz.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, "олар елдің мүддесіне сай келмейтін мақсаттарға ондаған миллиард доллар жұмсаған".
"Алты апталық қайта қараудан кейін біз USAID бағдарламаларының 83%-ын ресми түрде жабамыз. Қазір жабылып жатқан 5,2 мың келісімшарт АҚШ-тың негізгі ұлттық мүдделеріне жауап бермейтін, кейде тіпті зиян келтіретін жолмен ондаған миллиард доллар жұмсаған", - деп жазды Рубио "Х" әлеуметтік желісінде.
Оның айтуынша, қалған мыңға жуық бағдарлама мемлекеттік департаменттің қарамағында тиімдірек жүзеге асырылуға тиіс.
Бұған дейін миллиардер Илон Маск басқаратын АҚШ-тың мемлекеттік басқару тиімділігі департаменті (DOGE) USAID-ті жоюға күш салғаны туралы хабарланған болатын.
Маск 2 ақпанда USAID-ті "қылмыстық ұйым" деп атады.