Әлемде алғаш рет толық электр ұшаққа сертификат берілді

0
501

Жеңіл екі орындық Velis Electro ұшағын словениялық Pipistrel өндірушісі жасаған.


Әлемде алғаш рет толық электр ұшаққа сертификат берілді

ERNUR.KZ. Еуропалық аваиациялық қауіпсіздік агенттігі әлем бойынша алғаш рет толық электр ұшаққа сертификат берді, деп жазады ҚазАқпарат.


«Бұл – айрықша ұмтылыс.Авиациялық өнеркәсіп шу мен шығарындылар деңгейін төмендетуге, сондай-ақ авиацияның экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған жаңа технологияларға ұмтылады», - деп мәлімдеді агенттіктің атқарушы директоры Патрик Кай.


Жеңіл екі орындық Velis Electro ұшағын словениялық Pipistrel өндірушісі жасаған.

Қанатының ұзындығы 10,71 метр болатын әуе кемесі 185 км/сағ жылдамдықаен ұшады, ең жоғары салмағы 600 келі және 3,6 км биікке көтеріле алады.