Өлім-жітім 7%-ке артты.
ERNUR.KZ. Өткен аптада әлемде коронавирустың 4,5 миллионнан астам жағдайы анықталды, деп хабарлайды Хабар24.
Вирусты жұқтыру деңгейі алдыңғы аптамен салыстырғанда 11% өсті, өлім-жітім 7%-ке артты.
Бұл ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген.
«Әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны жетінші апта қатарынан көбеюде», - дейді ұйым.
Соңғы аптада вирустан 76 мыңнан астам адам қайтыс болып, көрсеткіш өткен аптамен салыстырғанда 7% артты.