Әлемдегі "ең кір-қожалақ адам" қайтыс болды

0
760

Ол 60 жылдан астам уақыт бойы жуынбаған.


Әлемдегі

ERNUR.KZ. Жарты ғасырдан астам астам уақыт жуынбаған ирандық Аму Хаджи 23 қазан күні 94 жасында қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.

IRNA ақпарат агенттігінің жазуынша, ол оңтүстіктегі Фарс провинциясының Дейга ауылында қайтыс болды.

Кір-қожалақ адам шлакоблоктан жасалған лашықта тұрған, ол 60 жылдан астам уақыт бойы жуынбаған.

Жеке бас гигиенасының сақталмауы оны әртүрлі аурулардан қорғауға көмектеседі деп ойлап келді. Оған қоса ол жаңа піскен тағамдарды да жеуден бас тартқан.

30 тамызда Бразилияның джунглиінде "әлемдегі ең жалғызбасты адам" қайтыс болды. Ол өркениеттен тыс қалған тайпаның соңғы өкілі еді.