Олардың жалпы қуаты - 2 ГВт.
фото: Акимат Жамбылской области
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында жалпы қуаты 2 ГВт болатын екі ірі жел электр станциясы салынады, деп жазады sputnik.kz.
Жамбыл облысында жалпы қуаты 571,3 МВт құрайтын 22 жаңартылатын энергия көзі жұмыс істеуде. Оның ішінде 6 су электр станциясы, 10 жел электр станциясы және 6 күн электр станциясы бар.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте осы жобалардың құны мен инвесторлар кім екені айтылды.
Атап айтқанда, Masdar (БАӘ) компаниясы Сарысу және Талас аудандарында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салады. Жоба құны – 742 млрд теңге. Компания құрылыс жұмыстарын 2026 жылы бастап, 2029 жылы іске қосуды көздеп отыр.
Ал "Total Eren" ЖШС Мойынқұм ауданында қуаты 1 ГВт жел электр станциясының құрылысын жүргізеді. Жобаға 1 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған. Қазіргі таңда серіктестікке 52 мың гектар жер учаскесі бөлінген. Жаңартылатын энергия көзі 2028 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.