Амазонка тайпасы 150 туристі кепілге алды

0
1 168

Перуандық Амозонияда саяхаттап жүрген туристер XXI ғасыр үшін таңсық болатын жағдайды бастан өткерді.


 Амазонка тайпасы 150 туристі кепілге алды

ERNUR.KZ. Амазонка тайпасы 150 туристі кепілге алды, деп жазады tengritravel.kz.

Перуандық Амозонияда саяхаттап жүрген туристер XXI ғасыр үшін таңсық болатын жағдайды бастан өткерді. Оларды жергілікті тайпаның адамдары кепілдікке алған. Алайда тайпа өкілдерінің талабы заманауи болған - сондағы қауымдастық үкіметтен қыркүйекте мұнайдың төгілуіне қатысты қандай да бір шара қолдануды сұрайды.

Оқиға бейсенбіде басталған: АҚШ және Ұлыбританияның 150 шақты азаматы Перудің солтүстігіндегі Мараньон өзенінің бойындағы Кунинико өңіріндегі Лорето ауданында саяхаттаған. Жергілікті тұрғындар өзенді жауып, қайықтарды тоқтатқан. Сосын Кунинико қауымының көшбасшысы Уодсон Трухильо өз талаптарын айтқан: "Амазонка тайпасы туристерді кепілдікке алды, бұл үкіметке біздің мәселемізді жеткізу үшін істелген әрекет. Өйткені мұнайдың төгілуіне байланысты су жүйесі бүлінді. Қауым осы жағдайға қатысты үкіметтен төтенше жағдай енгізуді талап етеді".

Жалпы үш қайық кепілдікке алынған, онда Испания, Франция, АҚШ және Ұлыбритания азаматтары бар, сондай-ақ онда балалар, жүкті әйелдер мен қарт адамдар бар.

Осы мәселені шешу үшін Перу Ішкі істер министрлігінің өкілдері жұмылдырылды. Соның салдарынан үндістер біршама туристерді жіберді: шенеуніктердің айтуынша, туристерді басқа қайыққа отырғызған. Олар бірнеше күн бойы кепілдікте болып, "жағдайы нашарлағанына қарамастан" (біразының тамағы таусылған), кейбіреулері саяхатты жалғастырғысы келгенін айтқан.

"Кунинико қауымының көшбасшысымен диалогтан кейін адамдарды босату туралы біздің өтінішіміз қанағаттандырылды", - деді жергілікті шенеунік. Алайда олар үкіметтен қолдау таппаса, өзенді жауып тастауды қайта жалғастыратындарын мәлімдеген.