Жаттығулар Қырғызстан аумағында 3-15 қыркүйек аралығында өтеді.
ERNUR.KZ. Армения ҰҚШҰ-ның кезекті оқу-жаттығуына қатысудан бас тартты. Ұйымның және "Өзара іс-қимыл – 2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы Армения әскери қызметкерлерінің қатысуынсыз өтеді, деп жазады inbusiness.kz.
Жаттығулар Қырғызстан аумағында 3-15 қыркүйек аралығында өтеді.
Ұйым сайтындағы мәлімет бойынша оқу-жаттығуларға мына контингенттер қатысатыны айтылған:
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштері;
Беларусь Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрліктері;
Қазақстан Республикасының ұлттық гвардиясы және Ресейдің ұлттық гврдиясы;
Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Тәжікстан Республикасының арнайы қызметтерінің өкілдері;
Беларусь Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
ҰҚШҰ Хатшылығы мен Біріккен штабының жедел топтары.
Армения тарапы оқу-жаттығуларға қатысуды жоспарлап отырған жоқ деп хабарлады. Еске сала кетейік, 2023 жылғы қаңтарда Арменияда ҰҚШҰ жаттығулары тоқтатылды.