Әзербайжан армиясының Кельбаджар ауданындағы позициялары атылды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін Әзербайжан Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Өткен жексенбіде сағат 19.35-тен 21.50-ге дейін Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері республиканың Гегаркуник облысындағы позициялардан Әзербайжан армиясының Моллабайрамлы мен Безирхан елді мекендері бағытында түрлі калибрлі қарулардан оқ жаудырған.
"Біздің бөлімшелер қарсы жауап қайтарды", - деп мәлімдеді министрлік.
Бұған дейін Арменияның Қорғаныс Министрлігі 7 қарашаға қараған түні Әзербайжан Қарулы Күштерінің армян армиясының позицияларын атқаны туралы хабарлама таратты.
"Әзербайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері армян-әзербайжан шекарасының шығыс бөлігінде орналасқан армян позициялары бойынша әртүрлі калибрлі қарулардан оқ жаудырды", — делінген хабарламада.
Соңғы дерекке сәйкес, шекарадағы жағдай бірқалыпты.