Сиднейдің 60 тұрғыны медициналық көмекке жүгінген.
ERNUR.KZ. Орман өртінің себебінен Австралияның оңтүстігінде жүзден аса мектеп жабық тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тілсіз жау кесірінен өңірді түтін тұмшалап, Сиднейдің 60 тұрғыны медициналық көмекке жүгінген. Воллеми Ұлттық саябағында да күрделі жағдай орнады. Мұнда өрт 150 мың гектар аумақты шарпыған. Салдарынан саябақты мекендеген 350-ден астам коала қырылып қалған. Жалпы, қазір Австралияның оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық басылмай тұр. Салдарынан аймақты құрғақшылық жайлаған. Ол аздай, қатты жел тұрып, жағдайды одан бетер ушықтыруда.