Австрияда вакцина ектірген 55 адам қайтыс болды

0
1 879

Коронавирусқа қарсы вакцинация процесі Австрияда өткен жылдың желтоқсан айында басталды.


Австрияда вакцина ектірген 55 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Екпе егу процесі бұл елде 2020 жылғы желтоқсанда басталды. Австрияда COVID-19 дертіне қарсы вакцина ектіргеннен кейін қайтыс болғандардың саны 55-ке жетті, деп жазады Inbusiness.kz.

Бірақ олардың өліміне препараттың себеп болғаны не болмағаны белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.

Өткен аптада Pfizer/BioNtech вакцинасын қабылдағаннан кейін 51 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.


«Денсаулық сақтау саласының қауіпсіздік жөніндегі федералды басқармасы COVID-19 вакцинасын ектіргеннен кейін көп ұзамай 55 адамның көз жұмғанын хабарлады (52-сі BioNTech/Pfizer, 2-еуі Moderna, 1-еуі AstraZeneca)», – деп жазылған хабарламада.


BioNTech/Pfizer вакцинасы 1 049 927 рет егілген, оның жанама әсерлері туралы 4288 хабарлама келіп түскен. Moderna 92 920 рет егілген, 443 хабарлама тіркелді. AstraZeneca вакцинасы 346 942 рет егілді , препараттың жағымсыз реакциясы туралы 12 549 жайт тіркелді.

Коронавирусқа қарсы вакцинация процесі Австрияда өткен жылдың желтоқсан айында басталды.