Әзербайжан мен Армения шекарасында атыс болды

0
551

Армения жағында үш сарбаз жарақат алды.


Әзербайжан мен Армения шекарасында атыс болды

ERNUR.KZ. 11 мамыр күні таңертең екі елдің шекарасында атыс болды, деп жазады inbusiness.kz.

Әзербайжан тарапының мәліметінше, 10 мамыр күні кешке Армения Қарулы Күштерінің бөлімшелері Сотка ауылының маңындағы позициялардан "Әзірбайжан армиясының қарама-қарсы позицияларына әртүрлі атыс қаруларынан қарқынды оқ жаудырып, әдейі арандатушылық жасады".

Атыс кезінде Әзірбайжан армиясының ұзақ мерзімді белсенді әскери қызметшісі басынан ауыр жарақат алды.

Сотка ауданындағы атысты бастаған Әзербайжан деп айыптаған Армения жағында үш адам жарақат алды.

"Бейсенбі күні сағат 08.00 (10.00 Астана) жағдай бойынша Әзербайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері Сотка ауданында (Гегаркуник облысы) орналасқан армян армиясының позицияларын атуды жалғастыруда. Атыс барысында артиллерия мен минометтер қолданылды", - делінген Армения Қорғаныс Министрлігі хабарламасында.