Әзербайжанда карантин 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылды

0
1 256

14 желтоқсан мен келер жылдың 18 қаңтары аралығында бүкіл ел аумағына қатаң карантин енгізіледі.


Әзербайжанда карантин 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылды

ERNUR.KZ. Әзербайжанда Министрлер кабинеті жанындағы жедел штаб жаңа қаулыны қабылдап, кейбір шектеулерді 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты. Қаулыны қабылдауға соңғы айларда елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуы себеп болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қаулыға сәйкес, елдегі ерекше карантин тәртібінің мерзімі 2021 жылдың 31 қаңтары, сағат 06.00-ге дейін ұзартылды. 14 желтоқсан мен келер жылдың 18 қаңтары аралығында бүкіл ел аумағына қатаң карантин енгізіледі.

Осы аралықта елдің Министрлер кабинетінің шешімінде көрсетілген мекемелерден басқа қызмет көрсету саласының жұмысы тоқтатылады.

Барлық сауда ұйымдары мен қоғамдық тамақтану орындарына клиенттерге жеткізу қызметін немесе онлайн режимде қызмет көрсетуге рұқсат етілген.

Сондай-ақ Баку, Сумгайыт, Гянджа, Мингячевир және Ширван қалалары, Апшеронский ауданы, сонымен қатар Ленкорань, Масаллы, Джалилабад, Шеки, Загатала, Губа, Хачмаз, Евлах, Барда, Билясувар және Исмаиллинск аудан орталықтарындағы қозғалыс шектеледі.

Осы аймақтарда жұмыс істейтін адамдар қызметтік карта арқылы немесе iiicaze.e-gov.az веб-сайтына жұмыс беруші ақпарат енгізсе ғана жүріп-тұра алады.

Министрлер кабинеті жанындағы Жедел штабтың 9 желтоқсандағы мәліметі бойынша Әзербайжанда бір тәулікте 4403 инфекция жұқтыру оқиғасы тіркеліп, қайтыс болғандар саны 42 болған.